26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қиямет күнінде болатын 5 керемет

Қиямет күнінде болатын 5 керемет

Ақида
Жарнама

Сіз ылғи да Қиямет күнінің орнауы, қабірден қайта тірілу қорқынышы, амалдардың есепке тартылуы, жан шошытарлық ауыр тағдырлар болатыны жайлы естіген шығарсыз. Немесе оқыдыңыз. Ендеше, сізге сүйінші, Қиямет күнінде болатын мына бес кереметті жадыңызға сақтаңыз:

«Қиямет күні пенде қайта тірілгенде қуанту үшін өзін тағатсыздана күтіп тұрған періштелерді көреді. Оларды періштелер: «Міне, осы сендерге уәде етілген (жақсы) күндерің» деп қарсы алады» («Әнбия» сүресі, 103-аят).

 

«Артыңа қараған кезде, бүкіл бала-шағаң мен үрім-бұтағыңды көресің. Олар сенің ұлы қуанышыңмен бөлісуге кеп тұрады. «Олардың артынан ұрпақтарын ілестірдік» («Тур» сүресі, 21-аят) Міне, осы ең керемет күн!

 

«Амал дәптерің оң жағыңнан берілгенде, қуанышыңда шек болмай: «Мінекей, амал кітабымды оқыңдар», («Хаққа» сүресі, 19-аят) дейсің. Сен бірге болатын адамдар Алланың ең сүйген құлдары – пайғамбарлар болатынын білгенде, жүзің қуаныштан бал-бұл жайнайды. «Міне, солар Алла нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәхиттер және игілермен бірге болады. Олар нендей жақсы жолдас!» («Ниса» сүресі, 69-аят).

 

«Сол күні Пайғамбар (с.ғ.с) бастаған ізгілер мен тақуалар тобында боласың. «Алла ол күні Пайғамбарды және онымен бірге иман келтіргендерді кейітпейді. Олардың нұрлары алдарында және оң жақтарында жүреді: Олар: «Раббымыз! Нұрымызды толықтыр, бізді жарылқа. Сөзсіз Сенің барлық нәрсеге күшің толық жетеді» - дейді. («Тахрим» сүресі, 8-аят).

 

«Ол күні сен және сенің отбасың үшін жеке үндеу жарияланып: «Жәннатқа кіріңдер! Сендер де, жұбайларың да шаттыққа бөленесіңдер!» делінеді. («Зухруф» сүресі, 70-аят). Міне, ол күн осынысымен керемет!

Ендеше, мәңгілік тойға жақсылап дайындалыңыз. Жолдағы «кедергілерге» мойымаңыз. Аллаға қарай жүрсеңіз, Ол да сізге қарай жүреді. Ол сізді тастамайды, сізге Өзі пана болып, жүрісіңізді жеңіл етеді.

ummet.kz

Бөлісу: