26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сүннетке беріктік тек сыртқы көріністен ғана тұра ма?

Сүннетке беріктік тек сыртқы көріністен ғана тұра ма?

Ақида
Жарнама

«Сүннет» деп көбіне Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі іс-әрекеттерін айтады әрі мұсылмандар сүннетті берік ұстануы тиіс. Бірақ бұл сүннетке беріктік Оның жасаған әрбір нәрсесін қайталап, сыртқы көрінісі тұрғысынан оған бойұсыну ма, жоқ әлде сыртқы көріністен бөлек сүннеттің мән-мағынасы мен мақсатына мән беру ме?

 

Адам ретінде жаратылған Алла Елшісінің (с.ғ.с) құлшылық мәселелеріндегі сүннеттерінде, әлбетте, көріністік элементтер маңызды рөл атқарады. Намаздағы қолдардың байлануы, ұиямда тұру, рукуғ жасау (еңкею), сәжде ету және отыру секілді қимыл-қозғалыстардың барлығын көріністік тұрғыдан Пайғамбардан (с.ғ.с) үйренеміз.

Ал құлшылықтардан бөлек іс-әрекеттерде болса, әдеттер мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көздеген мақсаттары алдыңғы шепке шығады. Киім кию, үй ішіндегі және түздегі өмір салты, тамақтану және осыған ұқсас  әлеуметтік өмірдегі көптеген әрекеттерде тақлид (еліктеу, қайталау) емес, таһқиқ (нақтылау, анықтау) қажет. Яғни, оны не үшін жасағанын анықтамастан, еліктеп қайталағаннан гөрі, себебі мен мақсатын анықтап, содан соң оның мақсатын негізге алу керек. Өйткені, мұсылмандардың міндеті –Оның әрбір мәселедегі амалын «тақлид» етіп қайталау емес, Одан үлгі-өнеге алу. Сондықтан да, сүннет пен хадистердің себептері мен хикметтерін жақсы біліп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көздеген мақсаттарын жақсылап анықтау керек. Басқаша айтар болсақ, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көздеген мақсаты мен қолданған әдіс-құралын бір-бірінен жақсылап ажырата алуымыз керек, әдіс-құрал мен мақсатты бір-бірімен шатастырмау керек.

материал «Ислам дегеніміз не?» кітабынан алынды

ummet.kz

Бөлісу: