26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Күнәһар болған адамға ұйып намаз оқуға бола ма?

Күнәһар болған адамға ұйып намаз оқуға бола ма?

Ақида
Жарнама

Ислам философиясы тарихына көз жүгіртетін болсақ, ифрат пен тафрит (дінде шектен шығушылық пен немқұрайлылық) секілді әртүрлі шектен шығушылықтан аулақ болған, діннің сенім және амал мәселелерінде орта жолды ұстанған сүнниттік кәлам мектептерінің діни көзқарастары үмбеттің ауызбіршілігін сақтау негізінде құрылған.

Өйткені, Әбу Ханифа мұғтазила мен харижиттердегідей емес, керісінше, кемелдік дәрежесі төмен адамдарға ұйып намаз оқуға болады деп есептеп: «Аллаға бойұсынған және бойұсынбаған кез-келген муминнің артында тұрып намаз оқуға болады» деген. (Әбу Ханифа, «»әл Фиқһ әл Акбар» 61)

Әбу Ханифаның бұл көзқарасын құптаған Алиюл-Қари (ө. 1014/1605) көптеген сахабаның Омаят ұрпақтарынан болған имамдардың артында тұрып намаз оқығанын және билігін мойындағанын айтады. Абдуллаһ ибн Масғуд және басқа да сахабалар ішімдік ішкеніне қарамастан Уалид ибн Уқбаға ұйып намаз оқыған деген. Еш нүмәнсіз бұл көзқарастардың барлығы қоғамның тыныштығын бірінші орынға қойған.

Өйткені, бүлік (фитна) шығару – адам өлтіргеннен де жаман. Әлбетте, күнә жасаушының күнәсіна жамағат жауапты емес. Жауап беретін – күнә жасаушының өзі және сол қызметке алып келген басшылық. Бұндай адамның артында ұйып намаз оқу немесе оқымау жамағаттың өз еркінде. Ең маңыздысы – күнәні ашық түрде жасаушының жағдайын сылтау етіпқоғамдағы ауызбіршілік пен татулыққа нұқсан келтірмеу керек.

материал «Ислам дегеніміз не?» кітабынан алынды

ummet.kz

Бөлісу: