26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әһлу сүннеттің «ризық» түсінігіне қатысты көзқарасы

Әһлу сүннеттің «ризық» түсінігіне қатысты көзқарасы

Ақида
Жарнама

Әһлу сүннет ғалымдары «ризық» ұғымын, мұғтазилә ғалымдары сияқты әртүрлі жолмен түсінген. Сабуни (қ.б. 580/1184) және Тафтазанидің (қ.б. 792/1390) берген анықтамалары бойынша: «Тірі ағза тамақтанатын нәрсе» деген.

Әһлу сүннет бойынша, харам да ризық қатарына жатады. Өйткені, жақсылық пен жамандықтын жасаушысы – Алла. Алла тағала харамды жақтырмаса да, оның ерік-қалауымен харам іс болады. Харам жеу де тиым болғанның өзінде, пайда болғанның бәрі бұл Құдайдың қалауымен. Себебі ол қаламайтын ештеңе болмайды.

Әшғарилер болса, мұғтазилердің көзқарасын сынауда өзіндік тәсілін көрсетті. Себебі, оған сәйкес әділетсіз тамақ тауып, харам деп жейтін адамға Алла ризық бермейді деген пікір дұрыс емес. Өмір бойы харам жеп өлген адамға, егер Алла ризық бермесе, кім береді? Бұл жағдайда халал ризықты кім береді және тыйым салынған ризықты кім береді деп ажырата білу керек емес пе? Харам жейтін адам ешкімнен ризақтанбаса және оның денесі өзгергенін ескерсек, ол ешкімге қарастырылмаған болып шығады. Бұл жағдайда сол адамның физикалық дамуы және оның өсуі қалай түсіндіріледі?

Мұғтазиләлардың түсініктері бойынша азық-түлік меншікке жатқызылмайды. Әшғарилер, балалармен хайуандар мүліктің иесі болмасада оларға ризық берілетіндігін алға тартқан. Мысалы: Сәбилерге Алла тағала ризықты ана сүті арқылы береді, олар оның иесі болып саналмайды.

Әһлу сүннет және әл-жамағаттын көзқарастары бойынша, ризық бөлінеді және ол біреудің тақуалығы мен күнәһарлығына сай азайып немесе көбеймейді деген пікірді алға тартқан. Әбу Мүмин ән-Насафи: «Харам да ризық, бірақ адам баласы осы тиым салынған ризық үшін ақыретте жауап береді» - деген. Осы тақырыпқа орай бұл ғалым, Құран Кәрімнен келесідей аятты дәлел ретінде келтіреді: «Сонда Раббыңның рақыметін үлестіру солардың еншісінде ме екен?! Бұл дүниеде олардың ризық-несібелерін де мына Біз үлестірдік». («Зухруф» сүресі, 32)

Харамы үшін жазалауға лайық адам, бұл оның азық-түлік жағынан жаман себептер жасауға дайын болуынан. Халал болсын, харам болсын, бәрі өз ризығын толық алады. Себебі, адамның тамағы бұл хараммен де, халалмен де кездеседі. Бір адам екінші біреудің ризығын жейтінін елестету мүмкін емес болғандықтан, оның ризығын басқа біреу жеуі мүмкін емес. Өйткені, басқа біреу Аллаһ тағала берген ризықты бөлісе алмайды.

Имам Матуриди Мұғтазилә ағымының харам етілген нәрсе ризық емес деген көзқарасы аталмыш: «Жер-жаһанда ризығы Алладан келмейтін бірде-бір қыбырлаған тіршілік иесі жоқ» («Һуд» сүресі, 6) деген аяттың мәніне кереғар. Себебі, аятта Алла тағала құлдарының ризығын Өзі беретінін ашық айтуда. Ал өмір бойы біреу (харамды) ризық етсе, бұл Алладан емес деу, Алла уәдесін орындамады деп кемшілік сипатын беру болып табылады. «Алла тағала кемшілік атаулыдан пәк» деп, халал ризықтан жемей, харам ризықты қорек ету ерік берілген пенденің кінәсі, оны Алла тағала мәжбүрлеуші емес екенін айтады. Демек, адам баласы ризығын адал жолдан іздеуі сауапты іс болса, ал ризық-несібесін харам жолмен тауып жеуі де күнәлі іс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ақиқатында Құдус (Жәбірейіл) көңіліме ешкім тағдырда белгіленген ризығын тауыспайынша өлмейтінін білдірді. Алладан қорқыңдар, мақсаттарыңа жету үшін жақсы жолды таңдаңдар» деген.

Қорыта айтар болсақ, ризық-несібе – Жаратушымыздан. Ал пенде болса, еңбек арқылы Алланың белгілеп қойған несібесіне жетуге өз әрекетін жасайды. Сондай-ақ, ризық – Алла тағаланың сансыз нығметтерінің бірі. Бұл нығметтің шүкірі адал жолмен Алла тағаланың ризығын теріп-жеуде себептен тұратын жаратылыс заңдылығына да бағыну. Әрі ризық іздеуде бойкүйездікке салынып жалқаулық таныту, өзгенің байлығына көз сүзе қарау сынды жаман қасиеттерден тазару да иманды құлдың міндеті саналмақ.

Нұржан Тоқашев,

«Әл-Ғани» мешітінің ұстазы

Бөлісу: