26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тағдырды қайтарып, өмірді ұзартудың сыры

Тағдырды қайтарып, өмірді ұзартудың сыры

Ақида
Жарнама

Иман шарттарының алтыншысы – тағдырға иман. Тағдыр – араб тіліндегі «қадар» деген сөзден шыққан. Тағдыр сө­зі – бір нәр­се­ні бел­гі­лі бір өл­шем, мөл­шер­ге қа­рай реттеу, арнайы есеп­пен жүйе­леу, жобалау де­ген ма­ғы­на­лар­ды біл­ді­ре­ді.

Ал, ша­ри­ғат­тық тер­мин бой­ын­ша: Өт­кен шақ, осы шақ жә­не ке­лер шақ­тан, яғ­ни, жал­пы уа­қыт ұғы­мы­нан пәк – Ұлы Алланың әу ба­стан қия­мет­ке дейін жә­не қия­мет­тен кейін бо­ла­тын бар­лық нәр­се­ні, бар­лық оқи­ға­ны жа­рат­па­стан бұ­рын шек­сіз, әзә­ли ілі­мі ар­қы­лы ег­жей-тег­жейіне дейін білуін және оларды  бел­гі­лі бір өл­шем, мөл­шер­ге қа­рай реттеуін, бел­гі­лі бір есеп­пен жүйе­леуін, ар­найы бір жоба­мен та­ғай­ын­дап бел­гі­леуін «тағ­дыр» дей­міз.

Ал «қаза» дегеніміз – Алланың ежелден, әу бастан белгілеп, тағдырға жазып қойған құбылыстар мен жаратылыстардың уақыт, сағаты, мезгілі мен мекені, сәті келгенде жүзеге асуы. Яғни, әуелден Алланың іліммен қалауына сай бекітілген нәрселердің уақыты келгенде, Жаратушының «Тәкуин» сипаты арқылы іске асуы. Сондықтан табиғаттағы барлық нәрселер Құдай Тағаланың тағдыр мен қазасына сәйкес болады. Еш нәрсе тағдыр мен қазадан тыс өздігінен яки кездейсоқ жүзеге аспайды. Халқымыз: «Құдайсыз қурай да сынбайды» дейді.

Аятта:

وَخَلَقَ كُلَّ شَيْءٍ فَقَدَّرَهُ تَقْدِيرًا

«Сондай-ақ әр нәрсені жаратып, оның өлшеуін белгіледі» (Фурқан сүресі, 2 аят).

Қасиетті Құранда:

يَمْحُو اللَّهُ مَا يَشَاءُ وَيُثْبِتُ ۖ وَعِندَهُ أُمُّ الْكِتَابِ

«Алла қалаған нəрсесін өшіреді əрі (қалағанын) бекітеді. Кітаптың анасы (түпнұсқасы) Оның құзырында». (Раъд сүресі, 39 аят).

Имам ат-Табари және басқа да тəпсір ғалымдары келтірген деректе:

Бірде Омар ибн əл-Хаттаб (р.ғ.) жылап жүріп, Қағбаны тауап етіпті. (Дұғасында) былай дейді:

"اللَّهُمَّ إِنْ كُنْتَ كَتَبْتَنِي فِي أَهْلِ السَّعَادَةِ فَأَثْبِتْنِي فِيهَا، وَإِنْ كُنْتَ كَتَبْتَ عَلَيَّ الذَّنْبَ وَالشِّقْوَةَ فَامْحُنِي وَأَثْبِتْنِي فِي أَهْلِ السَّعَادَةِ، فَإِنَّكَ تَمْحُو مَا تَشَاءُ وَتُثْبِتُ، وَعِنْدَكَ أُمُّ الْكِتَابِ".

 «Уа, Аллаһым! Егер мені бақытты жандардың қатарында жазсаң, мені сонда бекіте гөр! Ал, егер маған күнә мен бақытсыздықты жазсаң, одан мені өшіріп, бақытқа бөлеген жандардың қатарына бекіте гөр! Əлбетте Сен қалағаныңды өшіріп əрі бекітесің. Кітаптың анасы (түпнұсқасы) Сенің құзырыңда».

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді:

لاَ يَرُدُّ القَضَاءَ إِلاَّ الدُّعَاءُ، وَلاَ يَزِيدُ فِي العُمْرِ إِلاَّ البِرُّ

«Тағдырды тек дұға арқылы қайтаруға болады. Өмірді тек иігілік арқылы ұзартуға болады».

Ардақты Алла елшісінің (с.ғ.с.) келесі бір хадисінде:

لَا يُغْنِي حَذَرٌ مِنْ قَدَرٍ، وَالدُّعَاءُ يَنْفَعُ مِمَّا نَزَلَ، وَمِمَّا لَمْ يَنْزِلْ، وَإِنَّ الْبَلَاءَ لَيَنْزِلُ فَيَتَلَقَّاهُ الدُّعَاءُ فَيَعْتَلِجَانِ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ

«Сақтық – тағдырдан қорған бола алмайды, ал дұға түскен және әлі түспеген нәрсеге септігін тигізеді. (Пенденің басына) бәлекет келер-келмес, пенденің жасаған дұғасына кезігеді. Ол екеуі қиямет күніне дейін арпалысып өтеді», - делінген.

Әбу Дарда (р.ғ.) айтты:

جِدُّوا بِالدُّعَاءِ فَإِنَّهُ مَنْ يُكْثِرُ قَرْعَ الْبَابِ يُوشِكُ أَنْ يُفْتَحَ لَهُ

 «Дұғадан үміт үзбеңіз, есік те тынымсыз қаққанға ашылады».

 

Тағдырды  ғалымдар екіге бөліп қарастырады:

Біріншісі: المبرَم المَحتوم әл-мубрам әл-мәхтум  (жүзеге асуы белгіленіп қойылған өзгермейтін тағдыр).

 Екіншісі: القضاء المُعَلَّق әл-қада әл-муъалләқ (ілулі тұрған, кейінге қалдырылған тағдыр).

Біріншісі – лаухул махфузда жазылған, еш өзгерместен жүзеге асуы тиіс жағдайларды білдіреді. Бұлар Жаратушымыздың белгілегені бойынша, еш өзгерместен жүзеге асады.

Екіншісі – Алла Тағаланың қалауына сай, кейбір себептерге байланысты өзгеруі мүмкін жағдайларды білдіреді. Мысалы, жасаған дұғасы себепті, Алла Тағала пендеден жамандықты алыстатуы мүмкін. Сондай-ақ, жасаған жақсылығы себепті яки туыстарымен ара-қатынасын нығайтқаны үшін өмірін ұзартып қоюы мүмкін т.б. Жоғарыдағы хадис жазмыштың осы екінші түріне қатысты айтылса керек. 

القضاء المُعَلَّق әл-қада әл-муъалләқ – мағынасы Алланың қалауына байланысты болған, ілініп тұрған тағдырға айтылады дедік. Мәселен, пәленше егер дұға қылса немесе осындай игі іс жасайтын болса мынанда-мынандай жақслықтар беріледі, ал егер олай жасамаса берілмейді деп жазылған болады. Періштелер пенденің нені таңдап, істейтінін білмейді. Хадистерде айтылғандай дұға, ата-анаға жақсылық жасау, туысқандық байланысты нығайту т.б. амалдары себебінен пенденің тағдыры өзге бір тағдырмен өзгертіледі. Мысалы, бір кісіге тағдырында 60 жыл өмір сүруі белгіленіп, ал, егер ата-анасының қызметінде болса 70 жыл өмір сүреді деп жазылған болуы мүмкін. Ары қарай пенденің жасайтын ісіне байланысты Алла Тағала Өз қалауымен оның тағдырын өзгертуі мүмкін.

Жоғарыда аятта баяндалғандай:

يَمْحُو اللَّهُ مَا يَشَاءُ وَيُثْبِتُ ۖ وَعِندَهُ أُمُّ الْكِتَابِ

«Алла қалаған нəрсесін өшіреді əрі (қалағанын) бекітеді. Кітаптың анасы (түпнұсқасы) Оның құзырында». (Əр-Раъд сүресі, 39 аят).

Имам Ғазали (р.х.) айтады:   

«Дәнді егу – егістің шығуына, ал, қалқан - садақ оғының дарымауына себеп болғаны сияқты, дұға – пәле-жаланың жоламауына және жақсылықтың пайда болуына себеп»

Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның тағ­ды­ры тек адам­ға ға­на бай­ла­ныс­ты емес, жал­пы бол­мыс­ты, күл­лі жа­ра­ты­лыс­ты қамти­ды. Тағдыр – Алланың «Ілім» сипатымен жүзеге асады.

Жо­ға­ры­да Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз әзә­ли ілі­мі ар­қы­лы біз­дің мы­на дү­ниеде не іс­тей­ті­ні­міз­ді бі­ліп, біл­ге­нін тағ­дыр етіп «Ләу­хул-Мах­фуз­ға» жаз­ған.

Демек, біз бұл дү­ниеде­гі бар­лық іс­те­рі­міз­ді Алла Та­ға­ла ал­дын ала біл­ге­ні үшін іс­те­мей­міз, ке­рі­сін­ше, Алла Та­ға­ла не істей­ті­ні­міз­ді біл­ге­ні үшін тағ­дыр­ға жаз­ған. Бұл нәрсе Алла Та­ға­ла­ның біз­дің іс­тей­тін ісі­міз­ді ал­дын ала бі­луін әзәли ілімін білдіреді.

Нұрлан Рамазанов

«Нұр Астана» мешітінің Бас имамы

Бөлісу: