26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алла жолындағы алғашқы қылыш

Алла жолындағы алғашқы қылыш

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Зүбәйр ибн Аууам Алла жолында қылышын алғаш рет қынабынан суырған жан еді.

Бір күні түсте ұйықтап жатқанда «Алла Расулы өлтірілді» деген дауысты естіп, дереу қылышын қолына алып сыртқа шықты. Шықса, Расулалланы көреді. Пайғамбарымыз:
– Зүбәйр не болды? – деп сұрады. Ол да:
– Уа, Расулалла! Сенің өлгеніңді естідім, – деді. Алла Расулы:
– Жарайды, егер солай болғанда не істер едің? – дегенде, Зүбәйр:
– Уаллаһи, меккеліктерден кімді кездестірсем соны өлтіретін едім, – деп жауап берді. Оның бұл жауабынан кейін Алла Расулы (с.а.с.) Зүбәйр үшін дұға жасады.

материал «Пайғамбарды сүю» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: