Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.):
«(Бірде) Дәудтің ұлы, Алланың пайғамбары Сүлеймен: «Осы түні, әлбетте, жетпіс әйелімді айналып шығамын, олардың барлығы Алланың жолында шайқасатын ұлдар табады», – дейді. Оған жолдасы немесе періште: «Алла қаласа» деп айт», – дейді. Бірақ ол айтпай, ұмытып кетеді. Содан соң оның әйелдерінің ешқайсысы (бала) таппады. Тек біреуі ғана жарымжан бала туды»; Алла елшісі (с.а.с.): «Егер де ол: «Алла қаласа» деп айтқанда, антын орындамаған болмас еді және бұл оның тілегеніне жетуіне себеп болар еді», – деп айтқан (1654/23).
Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын). Ол: «Алла елшісі (с.а.с.): «Ант оны талап етушінің ниеті бойынша», – деді», – деп айтқан (1653/21).
Әбу Умама әл-Харисиден (Алла оған разы болсын). Алла елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім анты арқылы мұсылман адамды құқығынан айырса, Алла оған тозақты міндетті етіп, жәннатты харам етеді», – деген. Одан бір кісі: «Болмашы нәрсе болса да ма, уа, Алланың елшісі?» – деп (сұрағанда), ол: «Мияның бұтасындай болса да», – деп айтқан (137/218).
материал «Муслимнің сахих хадис жинақтары» кітабынан алынды,
ummet.kz