Әбу Сәләмәдан. Ол:
«Әбу Қатаданың (Алла оған разы болсын): «Алла елшісінің (с.а.с.): «Игі түс – Алладан, ал шым-шытырық түс – шайтаннан. Әлдекім өзіне ұнамайтын түс көрсе, сол жағына үш рет дем үрлесін және оның кесірінен Аллаға сиынып пана сұрасын, сонда ол оған ешқандай зиян келтірмейді», – дегенін өз құлағыммен тыңдадым», – деп айтқанын естідім», – деген.
(Әбу Сәләмә): «Өзім үшін таудан да ауыр түс көрсем де, осы хадисті естігенімнен соң оған еш көңіл аудармаймын», – деп айтқан (2266/11).
Әбу Сәләмәдан. Ол: «Мен бұрын өзімде жайсыздық тудыратын түс көретін едім. (Бір күні) Әбу Қатаданы (Алла оған разы болсын) жолықтырғанымда, ол: «Мен де бұрын Алла елшісінің (с.а.с.): «Игі түс – Алладан. Біреуің өзіне ұнайтын түс көрсе, оны өзі жақсы көргеннен басқаға айтпасын, ал өзіне ұнамайтын түс көрсе, сол жағына үш рет түкірсін, шайтанның кесірі мен (өзі көрген түстің) кесірінен Аллаға сиынып пана сұрасын және оны ешкімге айтпасын, сонда ол оған ешқандай зиян келтірмейді», – дегенін естігеніме дейін өзім де жайсыздық тудыратын түс көретінмін», – деді», – деп айтқан1 (2261/4).
Жәбирден (Алла оған разы болсын). Алла елшісі (с.а.с.): «Егер әлдекім өзіне ұнамайтын түс көрсе, сол жағына үш рет түкірсін, шайтаннан Аллаға сиынып үш рет пана сұрасын және жатқан бүйірінен аударылып жайғассын», – деген (2262/5).
материал «Муслимнің сахих хадис жинақтары» кітабынан алынды,
ummet.kz