21
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Тәкбір мен Құран оқудың арасында не айтылады?

Тәкбір мен Құран оқудың арасында не айтылады?

Ислам тарихы

Әли ибн Әбу Талибтен (Алла оған разы болсын). Алла елшісі (с.а.с.) намазға тұрғанда:

«Уәжжәһту уәжһиә лилләзи фатарас-сәмәуәти уәл-арда ханифән, уә мә әнә минәл-мушрикин. Иннә салати уә нусуки, уә махйәйә уә мәмәти лилләһи Раббил-ъаләмиин, лә шәрикә ләһ(у). Уә бизәликә умирту уә әнә минәл-муслимиин. Аллаһумма, Әнтәл-Мәлику, лә иләһә иллә Әнтә. Әнтә Рабби, уә әнә ъабдукә. Заламту нәфси, уаътарафту бизәнби, фағфир ли зунуби жамиъан, иннәһу лә йағфируззунубә иллә Әнтә. Уәһдини лиахсанил-ахлақи, лә йәһди лиахсаниһа иллә Әнтә. Уасриф ъанни сәйиәһә, лә йасрифу ъанни сәйиәһә иллә Әнтә. Ләббәйкә уә саъдәйкә, уәл-хайру куллуһу фи йәдәйкә, уәш-шәрру ләйсә иләйкә, әнә бикә уә иләйкә, тәбәрактә уә таъаләйтә, әстәғфирукә уә әтубу иләйк(ә) (Жүзімді ханиф1 түрде аспандар мен жерді жаратқан (Алла)ға қараттым, мен мүшріктер қатарында емеспін. Шын мәнінде, менің намазым, құрбандығым, өмірім мен өлімім әлемдердің Раббысы, серігі жоқ Аллаға тән. Мен осыған бұйырылдым әрі мен мұсылмандар қатарындамын. Уа, Алла! Сен Патшасың, Сенен өзге ешбір құдай жоқ. Сен – менің Раббымсың, мен – Сенің құлыңмын. Мен өзіме әділетсіздік жасадым, күнәмді тән алдым, менің барлық күнәларымды кешіре гөр! Өйткені күнәларды Сенен өзге (ешкім) кешірмейді. Мені мінезқұлықтардың ең жақсысына бағытта, олардың ең жақсысына Сенен өзге (ешкім) бағыттамайды. Әрі менен олардың жаманын аулақтат, менен олардың жаманын Сенен өзге (ешкім) аулақтатпайды. Міне, мен Сенің құзырыңдамын, қызметіңе әрқашан әзірмін. Жақсылықтың бәрі Сенің екі қолыңда, ал жамандық Сенен емес. Менің сәттілік табуым Өзіңмен әрі Өзіңе арқа сүйеймін. Сен аса игі, асқақсың. Өзіңнен кешірім өтінемін және Өзіңе тәубе келтіремін)»;

Рукуғ жасағанда: «Аллаһумма, ләкә ракаъту, уә бикә әмәнту, уә ләкә әсләмту. Хашаъа ләкә сәмъи уә басари уә муххи уә ъазми уә ъасаби (Уа, Алла, мен Өзіңе рукуғ жасадым, Өзіңе иман келтірдім және Өзіңе бойсұндым. Құлағым, жанарым, миым, сүйегім және жүйкем Өзіңе құлдық ұрды)»;

(Рукуғтан басын) көтергенде: «Аллаһумма, Раббәнә, ләкәл-хамду мил’әс-сәмәуәти уә мил’әл-арди уә мил’ә мә бәйнәһумә, уә мил’ә мә ши’тә мин шәй’ин баъд(у) (Уа, Аллаһ! Раббымыз, Саған аспандар толы, жер толы және ол екеуінің арасы толы, сондай-ақ Өзің қалаған нәрсе толы мақтау болсын)!»;

Сәжде жасағанда: «Аллаһумма, ләкә сәжәдту, уә бикә әмәнту, уә ләкә әсләмту Сәжәдә уәжһиә лилләзи халақаһу, уә саууараһу, уә шаққа сәмъаһу уә басараһу. Тәбәракаллаһу ахсанул-халиқиин (Уа, Алла! Өзіңе сәжде жасадым, Өзіңе иман келтірдім және Өзіңе бойсұндым. Жүзім оны жаратқан, оны бейнелеген әрі оның естуі мен көруін жасаған (Аллаһ)қа сәжде жасады. Жаратушылардың ең жақсысы – Алла аса игі)», – деп айтатын.

Содан кейін оның ташаһһуд пен сәлем беру арасында ең соңғы айтатыны: «Аллаһуммағфир ли мә қаддәмту уә мә аххарту, уә мә әсрарту уә мә аъләнту, уә мә әсрафту, уә мә Әнтә аъләму биһи минни. ӘнтәлМуқаддиму, уә Әнтәл-Муаххиру, лә иләһә иллә Әнт(ә) (Уа, Алла! Менің бұрын істеген әрі кейін істейтін, жасырын әрі жария істеген, шектен шыққан және оны маған қарағанда Өзің жақсы білетін (күнәларымды) кешіре гөр! Сен Ілгерілетушісің, Сен Кейіндетушісің, Сенен өзге ешбір құдай жоқ)» (деген сөздер еді).

(Басқа) бір риуаятта: «Алла елшісі (с.а.с.) намазға кіріскенде тәкбір айтып, сосын: «Уәжжәһту уәжһи... (Жүзімді қараттым...)», – дейтін» (деп көрсетілген) (771/201).

материал «Муслимнің сахих хадис жинақтары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: