21
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Науқастардың көңілін сұрап барудың артықшылығы

Науқастардың көңілін сұрап барудың артықшылығы

Ислам тарихы

Сәубаннан (Алла оған разы болсын) Пайғамбар (с.а.с.):

«Ақиқатында, мұсылман адам (науқастанып қалған) мұсылман бауырының көңілін сұрап барса, кері қайтқанына дейін жәннаттың уылжыған жемістерінің арасында болады», – деген (2568/41).

Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын). Ол: «Алла елшісі (с.а.с.): «Қиямет күні Алла Тағала: «Ей, Адам баласы! Мен ауырдым, ал сен Менің көңілімді сұрап келмедің», – дейді.

(Пенде): «Уа, Раббым! Мен Cенің көңіліңді қалай сұрап барамын, Сен әлемдердің Раббысың ғой», – дейді.

(Алла Тағала): «Сен білмедің бе, құлым пәленше ауырғанда, оның көңілін сұрап бармадың. Сен білмедің бе, егер де оның көңілін сұрап барғаныңда, Мені оның қасынан табар едің. Ей, Адам баласы! Мен сенен тамақ сұрадым, ал сен Мені тамақтандырмадың», – дейді.

(Пенде): «Уа, Раббым! Мен Cені қалай тамақтандырамын, Сен әлемдердің Раббысың ғой», – дейді.

(Алла Тағала): «Сен білмедің бе, сенен құлым пәленше тамақ сұраған еді, сен оны тамақтандырмадың. Сен білмедің бе, егер де оны тамақтандырғаныңда, соны Менің құзырымда табар едің. Ей, Адам баласы! Мен сенен сусын сұрадым, ал сен Маған сусын бермедің», – дейді.

(Пенде): «Уа, Раббым! Мен Cаған қалай сусын беремін, Сен әлемдердің Раббысың ғой», – дейді.

(Алла Тағала): «Сенен құлым пәленше сусын сұраған еді, сен оған сусын бермедің. Егер де оған сусын бергеніңде, соны Менің құзырымда табар едің», – дейді», – деді», – деп айтқан (2569/43).

материал «Муслимнің сахих хадис жинақтары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: