Салауатты қанша рет айту керектігі туралы да хадистер жетерлік. Бір хадисте «Күніне жүз рет салауат айтқан адам бәле-жаладан аман болады». Біз Пайғамбарымыз бен Раббымызды толық біле алмағанымыз, толық тани алмағанымыз сияқты Пайғамбарымызға салауат айтудың да сырын толық аша алмаймыз.
Біз салауатқа ғашық болуымыз керек. Оны күнделікті дұғаларымызға қосып, үнемі айтып жүру керек. Мысалы, күнделікті бір баспалдақтан шығатын болсақ, ол баспалдақтың атын салауатты еске түсіру мақсатымен «салауат баспалдақтары» деп атасақ болады. Күнделікті өміріміздің әр сәтінде бізге ескертіп тұратын себепкер таппасақ, ғапылдыққа ұшырап, үмбетіміз деп жүрген адамзаттың асылының қадірін біле алмаймыз, білмейтін боламыз. Пайғамбарымыздың айтқандарынан мәселенің маңыздылығын түсіне алуымыз керек. «Мені көлікке мініп сапарға шыққан жолаушының су құйған торсығына ұқсатпаңдар. Маған дұғаларыңның басында, ортасында және соңында «салауат» оқыңдар». Біз күніге екі минутымызды бөліп салауат айтамыз ба? Тіпті әзірет Мұса (аләйһис-сәлам) сияқты үлкен бір пайғамбардың өзі оның үмбетінен болғысы келді емес пе? Осы себепті бізге берілген нәрсенің қадірін соңғы демімізді бергенге дейін білуіміз керек. Бір аятта «оған жақындауға себеп іздеңіздер» делінген. Аллаға жақындауда ең маңызды себеп – салауат. Осындай керемет себепті тапқаннан кейін тілімізден тастамауымыз керек. Оны әлемнің түкпір-түкпіріне жеткізу жолында тер төгуге тырысу керек. Пайғамбарымызға деген қарым-қатынастың кез келген түрі мұсылман үшін басқаша бір сенім, өзгеше бір сый-құрмет. Алланың бізге жауап беруі біздің дүниедегі және ақиреттегі ең үлкен бақытымыз, қуанышымыз және өзі мен біздің арамызға Пайғамбарымызды тану үшін ең маңызды қадамымыз. Бұл құлына көрсетілген қандай мәртебе десеңізші!
Салауат бізді осындай ұлы сезімдерге жетелейді және «жалған дүниеге алданбаңдар, бос сөздерден аулақ болыңдар» деп жатқандай. Салауат – мұсылманның тілінің «мейрамы». Оның дәмін бір рет алған адам бұдан кейін ол «дастарханның» тұрақты қонағы болып қалады. Бір қате жасап қойсақ, оған бой алдырмастан дереу салауатқа жүгінуі керек және салауат тілімен «Аллам кешір» деп жалбарынып, Пайғамбарымыздың құрметіне кешірім тілеуіміз керек. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «жамандықтың артынан дереу бір жақсылық жаса, оны жуып-шайсын» деп айтады. Біздің жасай алатын (ең жеңіл) жақсылығымыз – тіліміздегі зікіріміз. Кім Алланың өзіне сәлем жолдағанын қаламасын? Міне, күнәні ең төте жолмен жуу жолы – салауат жолына түсу және Мәдинаның арасындағы уақыт пен кеңістікті жалбарына-жалбарына алып тастау. Салауат – «алтын ғасырға» сапар шегу, расулдың мекеніне көшу. Алланың қасында сахабалармен дос болу және әр демде «алтын ғасырда» тыныстай алу. Ғалымдардың айтуынша: «Расулаллаға салауат айту – жеке дара ақиқат жолы. Ардақты Елші (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) шексіз мейірімге бөленген жағдайда да шексіз салауатқа қажеттілік танытқан, өйткені Расулалла бүкіл үмбетінің қиыншылығын көтерген және бақытымен нәсіптенген.
Сондай-ақ Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әрі құл, әрі елші болғандықтан, құлдық жағынан салауат айтуды, елшілік жағынан да сәлем жолдауды қалайды. Құлдық халықтан Хаққа жетеді, сөйтіп, сүйікті құл болуға, мейірімге қол жеткізеді. Мұны салауат білдіреді. Елшілік – Хақтан халыққа елші болғандықтан бұл мойынсұну және міндетті қабылдау, сол міндеттің бұлжытпай орындалуын талап етуін «сәлем» сөзі білдіреді.
материал «Сағынышқа толы салауат» кітабынан алынды,
ummet.kz