26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбар (с.ғ.с) мен сахабаларының тәркідүниелігі

Пайғамбар (с.ғ.с) мен сахабаларының тәркідүниелігі

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Тәркідүниеліктің өмірдегі айшықты үлгісі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ісамалдары мен мінез-құлықтарынан нақты көрінеді.

Ең бірінші көрінісі – оның өз үмбетіне берген ақыл-кеңес өсиеттері мен айтқан сөздері. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мәңгілік дүниенің игілік, жақсылықтарын артық санағанын айғақтайтын сөздері мен амалдары аса Құдіретті де Ұлы Алланың тәрбиесінің нәтижесі еді. Алла Тағала: «Біз олардың кейбіреуіне сынау үшін берген дүние тіршілігінің ғана сәні түріндегі дүниелерге көзіңді сүзбе. Раббыңның ризығы қайырлы да тұрақты», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға қоныс аударғанға дейін және одан кейінгі жақсы-жаман, қиын-қыстау кезде де бұл дүниенің рақат-ләззатынан бас тартқан, Ақыретке ұмтылып, барынша құлшылықпен айналысқан. Пайғамбарымыздың (с.а.с.), дүниені тәрк еткендердің ең жақсыларынан болған, құрметті сахабалары Пайғамбарымызға (с.а.с.) еліктейтін-ді.

Бір күні Ибн Омар (Алла әкесі екеуіне разы болсын) бір адамның: «Бұл дүниеден баз кешіп Ақыретті қалаушылар қайда?» – дегенін естіп, Пайғамбар (с.а.с.), Әбу Бәкір және Омардың (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) қабірлерін көрсетіп: «Сен осылар туралы сұрап тұрсың ба?» – деген. Ибн Масғуд (Алла оған разы болсын) бір күні өзінің серіктеріне: «Сендер Мұхаммедтің (с.а.с.) сахабаларынан намазды көп оқисыңдар, оразаны да көп тұтасыңдар, жиһадқа да көп қатысасыңдар, алайда сендерге қарағанда оларда игілік көп еді», – деді. Олар: «Қалайша?» – деп сұрады. Ол: «Олар бұл дүниеден, сендерге қарағанда, көбірек бас тартты, Ақыретті сендерден көбірек қалады. Бұл дүние оларға халал байлықтарымен келді, олар Алла Тағалаға жақын болу үшін байлықтарды алды және Оның дініне қызмет етіп, Оның сөздері үстем болу үшін жұмсады», – деді. Әбу Сүлеймен: «Осман және Абдур-Рахман ибн Ауф (Алла ол екеуіне разы болсын) Аллаға бағынып, мал сарп еткен Алланың жер бетіндегі қазыналарынан еді», – дейді.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: