Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ұйқыдан оянғанда, не ұйқыға жатқанда көңілі тыныш, он екі мүшесі сау һәм бір күндік азығы бар адам ұшы-қиыры жоқ мына дүниені иеленген адаммен тең», - дейді (имам Бұхари).
Қанағаттың он түрлі пайдасы бар:
1. Алланың махаббатына бөйлейді;
2. Иманы кемелдене түседі;
3. Тұрмыс-тауқыметті жеңілдетіп, мамыражай өмір сүруге септігін тигізеді;
4. Адамдарға деген сүйіспеншілігі оянады;
5. Иман қуаты артып, сенімі күшейеді һәм өзінің үлесіне разы болады;
6. Адам жаны тынышталып, уайымнан арылады;
7. Өзін күншілдіктен, өсектен, жаладан сақтайды;
8. Жәннатқа апаратын бірден-бір жолы;
9. Берекенің бастауына айналады;
10. Адамға айбат береді.
Қанағатшылдыққа жетелейтін сегіз түрлі қасиет бар:
1. Барға разы болу;
2. Тақуа жандардан сабақ алу;
3. Дүние жұмсауға үнемшіл болып, ысырапшылдықтан алыс жүру;
4. Пайғамбарымызға (с.ғ.с) ұқсап, қанағатшылдықты сұрап дұға ету;
5. Ризық-несібе күллі жаратылыстың маңдайына жазылғанына кәміл сену;
6. Бойды қанағатшылдыққа үйретіп, қомағайлықтан алыс болу;
7. Құдайға деген сенімін күшейту;
8. Өлімді жиі еске алып, өлілерді зиярат ету.
материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,
ummet.kz