09
Сенбі,
Қараша

һижри

Иманды жанға сүйінші: Жәннатта мұсылман қалағанын алады

Иманды жанға сүйінші: Жәннатта мұсылман қалағанын алады

Иман келтіру

Ақырет – құдірет мекені болғандықтан, біздің шектеулі әлемімізбен салыстыра алмаймыз. Бұлөміріміздегі қағидаларымен өлшеп, бір нәтижеге жету мүмкін емес.

Өйткені пәни әлемде барлық нәрсе бір хикметке байланысты жаратылған, ал ақыретте еш себепсіз-ақ дегенің лезде орындалып, қалауыңа сай мың құбылады. Онда емтихан сыры болмағандықтан, таңғажайыптар артып, әдеттен тыс кейіптерге бөленіп, таңдандырған үстіне таңдандырады. Алланың құдіреті мен нығметіне шүкір қылап мадақтап, разылығын ай-тып «Әлһамду лиллаһ», «Аллаһу акбар»дейді.
Дүниеде ағаш сөйлемейді, тас сөзді түсінбейді, су бұйрықты тыңдамайды, жануар ұғынбайды. Ал ақыретте барлық нәрселерге жан бітіп, адамдарға қызмет қылады. Қиялмен, жүрекпен, сезіммен нені ойласақ, нені қаласақ, барлығы беріледі. Қалаған заттар еш себепсіз, қиналмастан бар болады.
Осындай әлемде адамдар ақыреттегі дәрежелеріне қарай Алланың нығметтеріне ие болады. Пәни дүниедегі келбет-ажары, болмыс-кейпі сол қалыпында қалса да әдемілігі, әсемдігі артады. Кемшіліктері толықтырылып, айыптарынан айығып, кәміл бейнеде болады. Алла пейіште мұсылмандарға нығметін артығымен төгіп, жақсы көргендерін, қалағандарын береді. Олай болса кез келген пейіштік пенде қалаған тері реңіне өзгере алады.
Мысалы, қара нәсілділер жәннатта ақ болғылары келсенемесе ақ нәсілді қара болғысы келсе Алла өтініштерін оп-оңай орындайды. Алтын ғасырда бұған ұқсас оқиға болғанын баяндасақ, тақырыпты жақсырақ аша түсетіні хақ. Хабашистандық Асуад есімді көмірдей қап-қара кісі пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, расулалла, Алла сіздерді түр, түс және пайғамбарлық жағынан ерекше қылып жаратты. Егер мен сіздердің сенгендеріңізге сеніп, иман келтірсем, жақсы амалдарыңызды орындасам, сіздермен бірге пейіште бола аламын ба?» деп сұрайды. Екі жаһан сардары (с.а.с.) сонда: «Иә, әрине, бола аласың, Аллаға ант етейін, Асуадтың жәннаттағы ақ түсті болғандығы сонша, оның сәулесі мың жылдық ұзақ жолдан көрінетін болады» деп сүйіншілеген. Осындай шаттықтан Асуад Аллаға иман етіп, қатты қуаныштан жылап жібереді.

материал «Үміт сәулесі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: