09
Сенбі,
Қараша

һижри

Алла тағала берген несібеге разы болу хақында

Алла тағала берген несібеге разы болу хақында

Иман келтіру

Алланың бергеніне, мейлі ол денсаулық, байлық, қабілет болсын, разы болу – Құранның өсиеті. «Саған, бергендерімді ал да, шүкірлік етушілерден бол» дейді қасиетті аятта.

Ата ибн Рабах өз заманының атақты ғалымы еді. Өзі құл, бұйра шашты, қара нәсілді, пұшық, кемтар болған екен. Әл-Ахнаф ибн Қайс өте арық, бүкір, маймақ, дене бітімі ұсқынсыздау жан болған. Әл-Аъмаш өте атақты хадис ғалымы. Бұл кісі де құл, көзі нашар көретін, өте кедей, киімі қырық жамау, үйі де жұпыны болған екен. Бұлардың ешқайсысы өздерінің бұл халдеріне наразылық танытып, өкінген емес. Ал пайғамбарлард ың өміріне көз жүгіртсек, олардың әр қайсысы түрлі саланың маманы болғанын көреміз. Дәуіт пайғамбар темір ұстасы, Зәкәрия пайғамбар ағаш шебері, Ыдырыс пайғамбар тігінші болған. Міне, адамдардың ішіндегі ең ізгілерінің өмірінің өзі осындай қарапайым. Олай болса, Алланың саған берген ырыздық-несібесіне, қабілетіңе, түр-әлпетіңе, мүмкіншіліктеріңе, барыңа қанағат қыл. Өзіңе тимеген үлес үшін қайғырма. Алланың берген несібесіне разы бол. Тирмизиден жеткен мына хадисте: «Кімнің жүрегі тыныш, дені сау және бір күндік азығы бар күйде ұйқыға кетсе, оған дүние толығымен иелігіне берілгендей бо лады», – деген. Ол дегеніңіз, егер пенденің жейтін асы, басында баспанасы және жаны тыныштық тапқан болса, онда ол бақытқа әрі ең абзал игілікке қол жеткізгені.

Алайда осы аталғандар көптеген адамдарда бола тұра, олар оны бағаламайды немесе байқамайды. Адам баласының нәпсісі екі түрлі мінезді болып келеді. Біріншісі, пенденің басына қиын күн туа қалса, аспанды тастап жіберуден тайынбай, Аллаға наразылығын білдіреді. Сабырды ұмытып, тіпті тоқтау айтқанға көнбейді. Екіншісі, денсаулығы бар уақытында ол үшін бұдан басқа жақсы нәрсе жоқ. Ойнап-күліп нәпсіні тояттандырудың қамын қылады. Тамақтың бір түріне тояттамай дастарқанына түрлі тамақтар алдырады, үйіндегі сүйіп қосылған әйелін кінәлап, басқасын армандайды. Көліктің де ең жақсысын аңсайды. Әрдайым заманының ең озығын таңдайды. Қолындағының барлығынан кемшілік тауып, ең кемелін іздейді. Осылайша қолындағы барлық рахатты өз нәпсіқұмарлығымен азапқа айналдырады. Мұндай жанның құлқыны бір уыс топырақпен ғана толады.

Қолда барды қанағат тұтпай, наразылық таныту адамды көптеген қиындықтарға жетелейді. Соңы жоқ азаппен, таршылықпен күн кешеді. Ақыреттің және Ақыреттің және осы дүниенің қиындығын тартатындар – өздеріне тиіс еместі іздегендер әрі шамасы жетпейтін істің соңында жүргендер де солар. Сол үшін болар Алла елшісі (с.а.с.): «Пәни дүниеде өздеріңнен үстем болып, жоғары тұрғандарға емес, төмен тұрғандарға қараңдар. Өйткені бұл сендерді Алланың берген нығметтерін аз сынып, қанағат тұтпаудан сақтайды» – деп Алланың берген несібесіне разы болуды дұрыс санаған.

материал «Үміт сәулесі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: