07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

«Жәннаттық адам» қандай адам?

«Жәннаттық адам» қандай адам?

Иман келтіру

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларымен бірге отырғанда:

– Қазір осы жерге жәннаттық бір адам келеді, - дейді. Сахабалар таңдана бір-біріне қарасып отырғанда бір кісі кіріп келеді. Ертеңіне де, одан кейінгі күні де осы жағдай қайталанады. Пайғамбар (с.ғ.с.) тұрып кеткеннен кейін сахаба Абдулла Омарұлы  әлгі кісіге жақын келіп:

– Мен әкеммен сөзге келісіп қалып, үш күн қасына бармауға ант ішіп едім. Сол үш күнді сенің қасыңда өткізсем бола ма? -деп сұрайды. Әлгі  кісі келіседі. Абдулла онымен бірге үш түн түнеп, оның түнде де намазға тұрғанын көрмейді. Жақсы сөзден басқа сөз айтқанын естімейді. Үш күн өткен соң оған былай дейді:

– Әй, Алланың құлы, әкем екеуіміздің арамызда ешбір келіспеушілік болған жоқ. Бірақ Пайғамбардың (с.ғ.с.) сен келер кезде: «Қазір жәннаттық адам келеді» дегенін естідім. Сондықтан сенің қасыңда болып, іс-әрекетіңді байқағым келді. Бірақ бір артық ғибадат жасап, амал істегеніңді көрмедім. Сені жәннаттық дәрежеге жеткізген қандай амал?,– деп сұрайды. Сонда әлгі кісі:

– Мен өзің көріп тұрғаныңнан артық амал жасаған емеспін. Бірақ ешбір мұсылманға жүрегімде жамандық сақтамадым. Алладан өзіме не тілесем, өзгелерге де соны тіледім. Алладан біреуге бір жақсылық жетсе, өзіме жеткендей қуандым, - дейді. Сонда Абдулла:

– Сені жәннаттық дәрежеге жеткізген амал осы болуы керек,- депті.

материал «Исламдағы тазалық» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: