26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қасиетті Рамазан айында Астана аумағында қайырымдылық шаралары көптеп ұйымдастырылады. Оразадағы оңды істердің бірі – әртүрлі әлеуметтік ортада ауызашарлар жасау. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Рамазан айына арнаған өзінің дәстүрлі үндеуінде игілікті істерді ұдайы өткізуге шақырған болатын.

Рамазан – мұсылман қауымының қуанышпен қарсы алып, сағынышыпен шығарып салар қасиетті айы. Бұл айда адамдар бір-бірін ауызашарға шақырып, көмекке мұқтаж жандарға қарайласып, қайырымдылық жасауға ұмтылып, сауапты істерге ұйытқы болады.

Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде жазғы сауат ашу курсында тәлім алған бүлдіршіндер арасында сурет салу байқауы өтті. «Менің сүйікті мешітім» атты игі шарада 112 шәкірт бағы мен бабын сынады.

Рамазан өзіне тән тағат-ғибадаттарымен, талап-шарттарымен ерекшеленеді. Қасиетті айда отыз күн бойы атқарылатын осындай құлшылықтың бірі – тарауих намазы. Соңғы жылдары Астана мешіттерінде осы айда ғибадатқа көбірек көңіл бөліп, құптан намазынан соң орындалатын тарауихқа келушілер қатары мол.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айының алғашқы жұма намазында «Нұр Астана» орталық мешітіне тағайындалған жаңа дін қызметкерін көпшілікке таныстырды.

Иісі мұсылман жұртшылығы сағына күткен Рамазан айы да басталды. Ізгілік айында игі үрдістен жаңылмаған «Нұр Астана» орталық мешіті 400 адамға ауызашар дастарханын жайып, елордалықтар алғашқы ораза күнін Алла үйінде ашты.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айына байланысты «Әлжан ана» мешітінде БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді.