01
Жұма,
Қараша

һижри

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Әнуарбек Елжанов пен ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің Астана қаласы бойынша өкілі, «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Сәлімов елордамыздағы бірқатар мекемелерді аралады.

Бүгін ел мұсылмандары үшін мән-маңызы ерекше мереке – ораза айтында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы елорда мешіттерінің бас имамдарын марапаттады.

Күллі мұсылман қауымының қуанышпен қарсы алып, сағынышпен шығарып салар қасиетті Рамазан айының өзіне тән ерекше рәсімдері мен қалыптасқан үрдістері бар.

Бүгінде халықтың Айт мерекесіне деген ықылас-ниеті артып келеді. Айт намазынан соң «Нұр Астана» орталық мешітіне келген қала тұрғындары мен қонақтары жәрмеңке дастарқанынан дәм татып, мерекелік көңіл күйде ораза айтын бұқара болып тойлатты.

Бүгін бас қаланың орталық мешітінде мүбәрак мерекенің мінәжатына жиылған халықтың санында есеп болмады. Сағат 6:00-6:30 аралығында қала мешіттерінде қасиетті Құран аяттары оқылып, Ораза айты мерекесі арналған уағыздар айтылып, айт намазының ерекшеліктері баяндалды.

Бір Аллаға сыйынып, құлшылыққа құлшыныспен қарап, күндізін оразамен, түнін ғибадатпен өткізген барша ел мұсылмандары үшін Қадір түнінің орны айрықша. Бұл күні республиканың әр өңірінде жұртшылық мешітке жиылып, қасиетті түнді құлшылықпен, дұға-тілекпен қарсы алады. 

«Имани жаз» сауат ашу курсы бүгінде Астана мешіттерінде жыл сайын өткізілетін игілікті шара. Мектеп оқушыларының жаз маусымын пайдалы өткізіп әрі жас буынның таным көкжиегін ата дін, баба салтымен кеңейту үшін ҚМДБ наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы осы бір игі бастамаға жан-жақты қолдау білдіріп, мешіт ұстаздары оны лайықты өткізуге күш салды.

Қасиетті Рамазан айына арналған бас мүфтидің биылғы үндеуінде республика көлемінде қайырымдылық шараларын көптеп өткізу бастамасы айтылған еді. Осы игі бастама аясында «Нұр Астана» орталық мешітінде көп балалы отбасыларға көмек жасалды.