27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Мұсылман жұртшылығының қасиетті Мәуліт мерекесіне орай Астана мешіттерінде ізгі шаралар ұдайы ұйымдастырылып келеді. «Нұр Астана» орталық мешіті жанынан құрылған «Жібек» қыз-келіншектер клубы және ҚМДБ-ның Жастар ісі бөлімінің әйел-қыздар секторымен бірлесе отырып «Думан» мейманханасында осы бір игі мақсатпен Мәуліт кешін өткізді.

Пайғамбар (с.ғ.с.) мәуліті әлмисақтан мұсылман қазақ елінде ерекше аталып өтіледі. Бұл – әлемдерге мейірім ретінде жіберілген әз елші Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) дүниеге келген күн. Адамзаттың абзалы ардақты пайғамбар (с.ғ.с.) өмірінен сыр шертетін жыр-дастандар мұсылман халықтарында ертеден қалыптасқан. Бұл күндері мәуліт жырлары оқылып, Аллаға мадақ-мақтаулар айтылып, пайғамбарға (с.ғ.с.) салауаттар жолданады.

Биыл – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі кезеңі. Республика көлемінде қоғамның әртүрлі – білім мен ғылым, саясат және мәдениет салаларында еңбегі сіңген азаматтар мемлекеттік марапатқа ие болды.

Бас қаламыз Астанада қайырымдылыққа бағытталған жаңа бір жоба іске қосылды. Елорда әкімі Әсет Исекешев бастаған қала басшылығы мен әкімдік қызметкерлері «Астана – мейірімді қала» жалпыхалықтық ізгілік ациясын қолға алды.

Түзеу мекемелеріндегі азаматтармен жұмыс, оларды қалыпты өмірлік ұстанымға қайтару – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының маңызды міндеттерінің бірі. Діни басқармаға қарасты өкілдіктердің бекітілген қызметкерлері осы мақсатта түзеу колонияларында жүйелі жұмыс атқарып келеді.

Аллаһуммә солли ғалә Мухаммадин уә ғалә әли Мухаммад.

Екі дүние сардары, адамзаттың асыл тәжі болған, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы «Мәуліт» мерекесімен араға жыл салып қайта қауышудамыз. Жаратылғандардың асылы және шыңы болған хазіреті пайғамбар (с.ғ.с.) милади 571 жылы рабиул айының 12-жұлдызы, дүйсенбі күні дүниеге келіп, әлемді шексіз қуаныш пен нұрға бөледі.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні барша Қазақстан халқының мерейлі мерекесі ретінде аталып өтіледі.

Бұл күндері Елбасының тікелей қамқорлығымен еліміз ұлттарды ұйыстырып, жұртшылықты жарастырған, бірлігіне бекем мемлекетке айналды. Асыл дініміз Исламның көкжиегі кеңейді.

ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторы және «Зекет» корпоративтік қорының Астана қаласындағы өкілдігінің бірлесе ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай спорттық эстафета марафоны өтті.

Елорда іргесіндегі «Әлжан ана» мешітінде «Қазіргі жаһандық сын-қатерлер тоғысындағы дәстүрлі діни құндылықтардың маңызы» тақырыбында имамдар семинары өтті.