28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Тәуелсіздік мерекесіне арналған марафон өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторы және «Зекет» корпоративтік қорының Астана қаласындағы өкілдігінің бірлесе ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай спорттық эстафета марафоны өтті.

Мерейлі мереке қарсаңындағы марафон екі кезеңге бөлінді. Алғашқы кезеңде әйелдер жамағаты «Доп әкелу», «Теннис ракетасы», «Ағашпен доп ойнау», «Шаңғы жарысы», «Мерген», «Хоккейші», «Арқан тартыс» бойынша жарысқа түсті.

Ал екінші кезеңде воллейболдан командалық кездесу өтті. Бұл жарыста «Нұр Астана» және «Әзірет Сұлтан» мешіттерінің шәкірттері бірігіп «Қазақ арулары» командасын құрып, «Зекет қайсарлары» ойыншылары қарсылас болды. Ойынға спорт шеберінің кандидаты, воллейболдан ұлттық санаттағы төреші Татьяна Беспалова, «Нұр Отан» халықтық партиясының мүшесі, Мейірімділік қоғамдық ұйымының төрайымы Айгүл Сейлова қазылық етті. Әділ қазылар шешімімен кездесуде басымдық көрсеткен «Зекет қайсарлары» жеңімпаз деп танылды.

Тәуелсіздік мерекесінің мерейін арттырған кеш соңынан «Зекет» қоры шараға қатысушыларға арнап дастарқан жайды.

DSC03321

Abma2

Abma3

Abma4

Abma5

Abma6

Abma7

Abma8

Abma9

Abma10

Abma11

Abma12

Abma13

Abma14

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: