Биыл ел тәуілсіздігіне 25 жыл толады. Осынау мерейлі мереке қарсаңында «Нұр Астана» орталық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.
Астана қаласы әкімдігімен бірлесе өткізілген игі шарада тұрмыс-ахуалы төмен 28 отбасыға азық-түлік өнімдері үлестірілді. Орталық мешіттің наиб имамы Руслан Байзақов аталмыш отбасыларға дініміз дәріптеген асыл құндылықтардың бастауы ізгілікте екенін айтып, қайырымдылық пакеттерін табыстады. Өз кезегінде қамкөңіл жандар осындай қамқорлық танытқан қала әкімдігі мен дін қызметкерлеріне риясыз алғыс-тілектерін арнады.
Айта кетсек, бүгінде қала мешіттеріндегі қайырымдылық шаралары көптеп ұйымдастырылады. Жыл бойына жалғасатын игіліктер мұсылман қауымының қасиетті Ораза, Құрбан айт мерекелерінде республика көлемінде ауқымды деңгейде өткізіліп, ізгі істер еселене түседі.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі