Алты алаштың айрықша мейрамы әз-Наурыз мерекесіне орай Астанада бірқатар бұқаралық шаралар өтті. Елорда руханиятының ошағына айналған мұнаралы мешіттер дәстүрлі мерекелік жәрмеңкелерін ұйымдастырды.
Мерекедегі қайырымдылық (ФОТО)
«Төлебай» мешітінде «Ерсайын Манаев» қайырымдылық қорының демеушілігімен «Мейірімділік мекені» акциясы аясында әз-Наурыз мейрамына арналған қайырымдылық шарасы өтті.
Көліктегі ішкі істер департаментіндегі кездесу (ФОТО)
Астана қаласындағы «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Сәлімов Көліктегі ішкі істер департаменті қызметкерлерімен кездесті.
Астана қаласы мешіттерінің жамағаты арасындағы «Салауатты жамағат» атты ІV қалалық спорттық ойындар сайысы өтеді
Астана қаласы мешіттерінің жамағаты арасындағы
«Салауатты жамағат» атты ІV қалалық спорттық ойындар сайысының ЕРЕЖЕСІ
«Теңбіл доп» турнирі өтті (ФОТО)
Салауатты өмір салты – мұсылман мәдениетінің мәйегі. Тән мен жанның саулығын Жаратқаннан берілген нығметті аманат деп ұғынатын Астана қаласының дін қызметкерлері рухани қызметпен қатар, спорттық сайыстарға ерекше ден қояды. ҚМДБ наиб мүфтиі, елорданың бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы осындай игі мақсатта бірнеше жыл қатарынан қала мешіттері мен медресесі қызметкерлері арасында әртүрлі спорттық жарыстарға пәрмен беріп келеді.
Оқушыларға жат ағым жайы түсіндірілді (ФОТО)
Астана қаласы «Төлебай» мешітінің наиб имамы Дастан Зияшұлы Күйгенжар ауылындағы №42 орта мектепте 8-11 сынып оқушыларымен кездесті.
Ұлыс қарсаңындағы ізгі кеш (ФОТО)
Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Әйел-қыздар секторы әз-Наурыз қарсаңында мерекелік шара өткізді.
Наиб мүфти жұма уағызын жүргізді (ФОТО)
Иман – көңілдің айнасы, мұсылман баласының өмірлік өлшемі. Асыл дін ұстындары күллі мұсылман қауымына белгілі алты шарттан тұрады. Соның бірі – қиямет күніне иман келтіру.
"АНАЛАР - АСЫЛ ЖАНДАР" (ВИДЕО)
{youtube}dW0sJyropjc{/youtube}
Перзент - шаңырақтың шаттығы | Наурызбай қажы Тағанұлы
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты "Химет.ТВ" телерадиостудиясының "Иман шуағы" хабарында ҚМДБ наиб мүфті, "Нұр Астана" мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы "Перзент - шаңырақтың шаттығы" деген тақырыппен сұхбат берді.
Асыл жанды аналарға құрмет көрсетілді (ФОТО)
Қарттарға құрмет көрсету – мұсылманшылықтың көрінісі. Асыл дініміз Ислам әрқашан үлкендерге мейірімділік танытуға шақырады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті қарияларға құрмет көрсету шараларын жамағатпен бірлесіп әрқашан іске асырып келеді. Көктемнің алғашқы күндерімен бастау алған "Аналар -асыл жандар" атты он күндік декада және "Астана мейірімді қала" қоғамдық бастамасы аясында кеше наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен, қала сыртындағы қарттар мен мүгедектерге арналған Малотимофеевка медециналық-әлеуметтік мекемесінде болды. Айтулы қайырымдылық шараға құр қол келмей, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Игі шара басында ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қарттарға ізгі тілегін айтты.