Ақида – дін саласындағы сенім жүйесінде қолданылатын ұғым. Иман негіздері де осы салада қамтылатын тақырып. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының дін саласын дамыту үшін бекіткен төрт бағытының бірі – халықтың діни сауатын ашу, жамағатқа арналған дәстүрлі дін дәрістерін жүйелі түрде өткізу болып табылады.
Жұма насихаты: "Ата-анаға құрмет баршаға міндет" (ФОТО)
Жұма – мұсылман қауымы үшін қасиетті күн. Бұл күні иісі мұсылман жамағаты мешіттерге ағылады. Қиямда сап түзеп, тізе түйістіреді. Сәждеге бас қойып, Алладан бірге дұға-тілек жасайды. Осынау күні Алла Тағалаға сансыз мақтау-мадақтар айтылып, Оның Елшісі Мұхаммед пайғамбарымызға (с.а.с.) сауалаттар жолданады. Ислам құндылықтары насихат етіледі.
Аналар - асыл жандар
Анаға деген құрмет тек айтулы бір күнмен өлшенбейді. Ислам дінінде адам үшін ананың орны ерекше. Құран аяттары мен Пайғамбар (ғ.с.) хадистері анаға деген құрметтің ең жоғарысын атқаруға үндейді. Осыған орай, көктем мерекесі қарсаңында жамағат арасында аналарға деген құрметті нығайтып, отбасылық институттың маңыздылығын насихаттау мақсатында "Нұр Астана" орталық мешітінің ұйымдастыруымен ү.ж. 27 ақпаны мен 8 наурызы күндері аралығында "АНАЛАР - АСЫЛ ЖАНДАР" атты он күндік декада жарияланды.
Наиб мүфти студенттермен кездесу өткізді (ФОТО)
Ағымдағы жылы 28-ші ақпанда «Астана медицина университеті» АҚ мәжіліс залында 3-курс студенттеріне арналған алқалы жиын өткізілді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі (ФОТО)
Бүгінде Астана мешіттері үлкен мәдени іс-шаралар орталығына айналды. Жамағаттың ауызбірлігін, бауырластық байланысын арттыру үшін сан түрлі салиқалы басқосу, кездесулер "Нұр Астана" орталық мешітінде ұдайы ұйымдастырылады.
«Дін және ғаламтор» атты семинар-тренинг өтті (ФОТО)
Бүгінде асыл дінімізді дәріптеп, ізгілікті насихат еткен ислами ағартушылық ақпарат құралдарының бірі әлеуметтік желі екені белгілі. Бұл орайда интернет портал қызметінің оқырмандарға маңызды мәлімет пен қызықты деректерді дер кезінде, жылдам жеткізуі алға шығатыны сөзсіз.
Ислам парақорлықты айыптайды
24 ақпан күні ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, "Нұр Астана" орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттіктің ұйымдастыруымен өткен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы діни бірлестіктердің маңызы" тақырыбындағы Республикалық селекторлық дөңгелек үстелге қатысып, "Ислам парақорлықты айыптайды" тақырыбында баяндама жасады.
Жұмадағы жамағатпен жүздесу (ФОТО)
24 ақпан жұма күні ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, "Нұр Астана" орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласы мешіттерін аралап, жамағатпен жүздесу бағдарламасы аясында "Шұбар" мөлтек ауданындағы "Әл-Ғани" мешітінде "Тағдырға иман келтіру" тақырыбында жұма уағызын жүргізіп, жұма намазына қатысты.
Құлшылық пен қайырымдылық ордасы (ФОТО)
Мешіт – құлшылықпен қатар қайырымдылықтың, ізгілік пен игіліктің ордасы. Астана мешіттері жыл бойына жақсылық жасауда жамағатты біріктіріп, тұрмыс-ахуалы төмен отбасыларға ұдайы көмек көрсетіп келеді.
Ақыретке иман – мұсылманның міндеті (ФОТО)
Иман – мұсылман баласының өмірлік өлшемі, көңіл айнасы. Ислам дініндегі иман келтіру – Алла Тағалаға иман, Алланың періштелеріне иман, Алланың кітаптарына иман, Алланың пайғамбарларына иман, ақырет күніне иман, тағдырға, яғни жақсылық пен жамандықтың, барлық нәрсенің Алланың білуі, қалауы және жаратуы арқылы жүзеге асып жатқанына иман келтіру болып алты тарауға бөлінеді.
Ниеттің маңызы түсіндірілді (ФОТО)
Елорда іргесіндегі Теміржолшылар кентінде орналасқан «Әс-Сәлам» мешітіне «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы, РАНТ мүшесі Қабылбек Әліпбайұлы келіп, жергілікті жамағатқа «Исламдағы ниеттің маңыздылығы» жайында уағыз айтты.