28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Наиб мүфти студенттермен кездесу өткізді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Ағымдағы жылы 28-ші ақпанда «Астана медицина университеті» АҚ мәжіліс залында 3-курс студенттеріне арналған алқалы жиын өткізілді.

Шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, Астана қаласы бойынша өкіл имам Өтпенов Наурызбай қажы Тағанұлы, «Қоғамдық келісім» РММ этносаралық қатынастар саласын талдау және мониторинг жүргізу қызметі бөлімінің басшысы теология ғылымдары докторы Челидзе Расим Алиевич, Астана қаласының әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығы КММ Мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және діни бірлестіктермен байланыс бөлімі басшысы Құдайберген Мөлдір Талғатқызы, Жастар ісі жөніндегі декан Нұрмұханов Алтынбек Амангелдіұлы және университет теологы Жанақов Берікбол Мергенбайұлы қатысты.

Алғашқы сөз алған ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы жастарға ислам дініндегі бейбітшілік пен татулықтың маңыздылығы туралы айтты. Студенттер қауымына дінімізге жат теріс ағымдардың арбауынан сақ болып, барынша діни ұғымдардың мағынасын жете түсіну туралы әңгімелер қозғады. Дін атын жамылған деструктивті діни ағымдардың қоғам үшін қауіпті екендігін ескертті. Дәстүрлі ислам мен деструктивті діни ағымдар арасындағы діни-теологиялық айырмашылықтарын және олардан сақтану жолдарын атап көрсетті. Болашақ дәрігерлердің игеріп отырған мамандықтарының елге берер пайдасы мол екеніне ерекше тоқталып, соңында жастардың көкейлерінде жүрген дінге және медицина саласына қатысты сұрақтарына тұшымды жауап берді.

IMG 9017

IMG 8976

IMG 8977

IMG 8974

IMG 8992

IMG 9014

IMG 8980

IMG 9004

IMG 9005

«Нұр Астана» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Бөлісу: