28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Аналар - асыл жандар

Мешіт тынысы
Жарнама

Анаға деген құрмет тек айтулы бір күнмен өлшенбейді. Ислам дінінде адам үшін ананың орны ерекше. Құран аяттары мен Пайғамбар (ғ.с.) хадистері анаға деген құрметтің ең жоғарысын атқаруға үндейді. Осыған орай, көктем мерекесі қарсаңында жамағат арасында аналарға деген құрметті нығайтып, отбасылық институттың маңыздылығын насихаттау мақсатында "Нұр Астана" орталық мешітінің ұйымдастыруымен ү.ж. 27 ақпаны мен 8 наурызы күндері аралығында "АНАЛАР - АСЫЛ ЖАНДАР" атты он күндік декада жарияланды.

Аталған шара аясында осы күндері www.ummet.kz және www.sunna.kz сайттарына "Исламдағы ананың маңызы", "Аналар - асыл жандар", "Ана - жұмақ тұтқасы" атты мақалалар жарияланып, осы тақырыптарда күнделікті насихаттар жүргізіліп, арнайы видео-уағыздар жазылып, әлеуметтік желілерге жүктеледі. Сондай-ақ, 3-ші наурыз жұма күні мешітке келген жамағат арасында "Ананы құрметтеу" турасында әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, қарттар үйіндегі апа-әжелерге арналып видео-құттықтау жазылады. Осы күнгі жұма уағызының тақырыбы да "Анаға деген құрметке" арналмақ. Декаданың қорытындысы ретінде 4 наурыз күні мешіт имамдарының және жамағаттың ұйымдастыруымен Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Малотимофеевка ауылындағы қарттар үйінде мерекелік дастархан жайылып, арнайы сыйлықтар үлестіріліп, мерекелік концерттік ұйымдастырылады.

 

 

"Нұр Астана" орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Бөлісу: