Елорда іргесіндегі Теміржолшылар кентінде орналасқан «Әс-Сәлам» мешітіне «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы, РАНТ мүшесі Қабылбек Әліпбайұлы келіп, жергілікті жамағатқа «Исламдағы ниеттің маңыздылығы» жайында уағыз айтты.
Уағыздан соң мешітте қалыптасқан дәстүрге сай бас имам Нұрбол Әбсаттарұлының ұйытқы болуымен дастарқан жайылып, жамағаттың көкейкесті сұрақтарына тұщымды жауаптар берілді. Мешіт жамағаты Қабылбек Әліпбайұлына алғыс білдіріп, ақсақал батасын берді.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі