24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әл-Фараби»:  Шешендік өнер тақырыбында семинар өтті (фото)

«Әл-Фараби»:  Шешендік өнер тақырыбында семинар өтті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналып «Шешендік өнер – халықтың тәлім-тәрбие құралы» тақырыбында танымдық семинар өткізілді.

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында өткен шараға Астана қаласы әйел-қыздар секторының жетекшісі Күлсара Бекетқызы, филология ғылымдарының кандидаты, жазушы Имамғазы Нұрахмет, тарихшы, PhD доктор, РАТТ мүшесі Ахан Жарас қатысты.

Семинар барысында спикерлерлер қазақ ауыз әдебиетінің айрықша жанрының бірі – шешендік өнердің қалыптасуы мен даму жолына кеңінен тоқталды. Шешендік өнер қай қоғамда болса да, халыққа, қалың көпшілікке әсер ететін, оның санасын, сезімін баурап, жігерін тасытатын қуатты құрал екендігін тілге тиек етті.

Шешендік пен көсемдіктің қазіргі қоғамдағы көріністеріне де түрлі мысалдар келтіріп, әйел жамағатына тың деректер мен пайдалы мәлімет берілді.

Семинар соңында жамағат тарапынан қонақтарға тақырып аясында сұрақтар қойылды. Мешітке арнайы келген спикерлерге мешіт ұжымы атынан естелік сый-сияпат тарту етілді.

a9fcd144-9879-4d2f-9d7c-1a377eba3e2d.jpeg

ec688332-edd7-49a9-bd0f-d43150dfc6fd.jpeg

b1d443f0-73b9-4ee7-aafd-2d52182e50bb.jpeg

67047222-ae9a-462a-96c4-2204fcb2b6d0.jpeg

a9cdc74d-a4ef-4506-aac5-7557c0a6f796.jpeg

79288259-73b1-4bf8-98f6-394b1c5f2aac.jpeg

8e924bc5-cb20-45cd-a09d-5eb9aaa78ec2.jpeg

ummet.kz

Бөлісу: