Мешіт – құлшылықпен қатар қайырымдылықтың, ізгілік пен игіліктің ордасы. Астана мешіттері жыл бойына жақсылық жасауда жамағатты біріктіріп, тұрмыс-ахуалы төмен отбасыларға ұдайы көмек көрсетіп келеді.
Елордадағы «Шейх Кунта қажы» мешіті осындай игілікті істі жалғастырды. Кең пейілді, жаны жомарт кәсіпкер азаматтардың атсалысуымен мешітте 310 отбасыға қайырымдылық жасалды.
Мешіттің бас имамы Яхия қажы Исмаилов бастаған дін қызметкерлері әр отбасыға ет, ұн, күріш, қант, сұйық май мен шай салынған арнайы пакеттерді үлестірді. Қамкөңіл жандар қайырымды азаматтардың осы бір игілікті істеріне риясыз алғыс-тілектерін жаудырып, ризалық білдірді.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі