28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

«Мейірімді қала» шарапаты (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бас қаламыз Астанада қайырымдылыққа бағытталған жаңа бір жоба іске қосылды. Елорда әкімі Әсет Исекешев бастаған қала басшылығы мен әкімдік қызметкерлері «Астана – мейірімді қала» жалпыхалықтық ізгілік ациясын қолға алды.

Қазақстан мұсылмандарының қара шаңырағы – діни басқарма да осы жобаға қосылды. Айта кетсек, ҚМДБ бүгінгі күнде мұқтаж адамдардың жоқ-жітігін бүтіндеп, қарайласуды басты бағдарға алып, ізгілік шараларын ұдайы ұйымдастырып келеді.

Осы бағыттағы ізгі шараларды дәстүрге айналдырған ҚМДБ өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешіті жыл сайын қаладағы тұрмыс-тіршілігі төмен отбасыларға азық-түлікпен, материалдық және рухани тұрғыдан қолдау көрсетеді. Қала әкімдігімен бірлескен «Астана – мейірімді қала» акциясы аясында тұрмыс жағдайы төмен 4 отбасына қыстық отын-көмір, азық-түлік пен қаржылай көмек көрсетілді.

Қайырымдылық шарасына ҚМДБ наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб имам Руслан Байұзақ және мешіт жамағаты қатысты. Отбасыларды аралап, көңіл-күйлерін білген дін қызметкерлері мұқтаж жандарға көмек қолын созуға әрқашан да әзір екендіктерін жеткізді. Имандылық үйінің ізгілікті істеріне разы болған жандар риясыз алғыстарын айтты.

IMG 1090

IMG 1102

IMG 1108

IMG 1111

IMG 1135

IMG 1145

IMG 1147

IMG 1157

IMG 1162

 

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: