Жаңа оқу жылы қарсаңында бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын «Мектепке жол» акциясы бүгін Астана қаласындағы «Төлебай» мешітінде жалғасын тапты.
Бас имам Асхат Сәлімов игі шара аясында көпбалалы, әлеуметтік ахуалы төмен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 37 балаға сөмкелер және мектеп оқу құралдарын үлестірді. Қайырымды жандардың қамқорлығына ие болған бүлдіршіндер мен ата-аналар игі іске ұйытқы болған мешіт имамдарына, барша кәсіпкер азаматтарға шынайы алғыстарын айтты.
Айта кетсек, «Мектепке жол» жобасы бүгінде республика көлемінде өткізіліп келеді. Шара аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары қажетті оқу құрал-жабдықтарымен және киім-кешектерімен қамтамасыз етіледі.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі