01
Жұма,
Қараша

һижри

Елорда имамдары марапатталды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін ел мұсылмандары үшін мән-маңызы ерекше мереке – ораза айтында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы елорда мешіттерінің бас имамдарын марапаттады.

Ислам адамзат игілігі, қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығы үшін түскен дін болса, имам-молдалар осы жауапкершілігі мен салмағы зор міндетті атқаруға міндетті қызметкерлер.

Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қаламыздың сегіз мешітінің бас имамдарын және барша мешіт қызметкерлерін дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттауға, халықтың діни сауатын әрі ауызбіршілігін арттыруға, сондай-ақ қасиетті Рамазан айын тиісті дәрежеде өткізуге белсене атсалысқаны үшін «Алғыс хаттармен» марапаттап, қаржылай сыйақы табыс етті.

«Кішіпейілділік пен кешірімділік, бауырмашылық пен сүйіспеншілік – асыл дінімізбен егіз ұғымдар. Қазақстан халқының, ұлттар арасындағы келісім мен бірлікті нығайтуда, Отанымызды өркендету мен оның мәдени, рухани құндылықтарын одан әрі дамыту жолында аянбай қызмет ете берулеріңізге тілектеспін. Еліміздегі өзара сыйластық пен жарасымдылық, бірлік пен ынтымақ біз үшін басты қазына, ал оны насихаттау негізгі міндет болып қала бермек. Алла Тағала еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға амандық-саулық берсін» деді наиб мүфти Н.Тағанұлы.


«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі 

Бөлісу: