01
Жұма,
Қараша

һижри

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Астана мешіттерінің ұйымдастыруымен 4 маусым күні «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Берекелі Рамазан» атты рухани кеш өтеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйіне арнайы ат басын бұрды.

Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде Астана қаласындағы мектеп бітірушілерге арналған «Жолың болсын, жас түлек!» атты дәстүрлі рухани кездесу өтті. Кездесуге елорда мектептерінің биылғы түлектері қатысты.

Бүгін ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, "Нұр Астана" орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы "Астана" колледж-медресесінің шәкірттерімен кездесті.

Құрметті елорда тұрғындары және мешіт жамағаттары!

Жылдағы игі дәстүр бойынша Астана қаласының мешіттері 6 мен 15 жас аралығындағы мектеп оқушыларын маусым айының 1-мен 30-ы аралығында өткізілетін жазғы сауат ашу курсына шақырады.

Бүгін қасиетті жұма күні Республикалық қан орталығы мен «Нұр Астана» орталық мешітінің бірлесуімен «Бауырыңа өмір сыйла» атты акция өтті.

Бүгін ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, "Нұр Астана" орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласының имамдарымен кездесіп, бүгінгі күнге дейін атқарылған іс-шаралармен танысты.

«Әл-Ғани» мешіті жергілікті мешіт жамағаты мен түрлі басқосуларды өткізіп келеді. Таяуда аталмыш мешітте «Астана» медресесінің шәкірттеріне ас берілді.

Бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кешенінде  ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесіне арналған қазақша күрестен ІІІ Республикалық турниріне Астана қаласы бойынша іріктеу сайысы өтті.