26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бүгін астаналық мұсылман үмметінің қатары толықты. «Нұр Астана» орталық мешітінде орыс ұлтының өкілі кәлима шахадатын айтып, ислам дінін қабылдады.

Кеше қасиетті үш айды сүйіншілеп Ражаб айының келуіне орай, «Әлжан ана» мешітінде қала және кент жамағатының қатысуымен іс-шара өтті.Жиналған жамағатқа дастархан жайылып, ас берілді.

Кеше білікті теолог, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Қабылбек Әліпбайұлы қаладағы «Әл-Ғани» мешітінің жамағатымен жүздесіп, уағыз жүргізді. Бұл туралы Muslim.kz хабарлады.

Ислам – қазақ жеріне ежелден қазық қаққан, тарихи тамырын тереңге жіберген, халқымыздың салт-санасына сіңіскен дін. Тәуелсіздік туын тіккен жиырма жыл ішінде ел санасы жаңғырып, дін саласы орныға бастады. Ораза және Құрбан айт мерекелері ұлттық сипатта бұқараның басын қосқан атаулы күндерге де айналды. Пайғамбар мәуліті жер-жерде кеңінен тойланып, дін насихаты өз арнасына түсті.

Биылғы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қала мешіттерінде бұқараның басын қосқан игі шаралармен есте қалды. Елорда руханиятының ошағына айналған мешіттер ұлық мейрамда қазақ үй көтеріп, ақ дастархан жайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Жергілікті ақпарат насихат тобының (ЖАНТ) Астана қаласындағы жетекшісі, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазан «Астана» медресесі шәкірттерімен кездесті. Кездесу Діни басқарма тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған «Ислам және зайырлы қоғам» атты республикалық конференцияның мән-маңызын түсіндіру мақсатында өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана өкілдігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ислам және зайырлы қоғам» атты имамдар семинарында Жергілікті ақпараттық насихат тобы (ЖАНТ) мүшелеріне де тиісті мәселелер қозғалды.

Мешіттің тыныс-тіршілігі мен күнделікті жұмысы әрбір имамның көз алдында тұруы тиіс. Алла үйіндегі жұмыстар сәт сайын жанданған кезде ғана теріс ағымдарға тосқауыл жасалып, имандылық тәрбиенің қуат алуына жол ашылмақ.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Әлжан ана» мешітінде «Ислам және зайырлы қоғам» атты имамдар семинары өтті.