27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Қарттарға құрмет – ең үлкен ізет (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қарттарға құрмет көрсету – мұсылманшылықтың көрінісі. Асыл дініміз ислам әрқашан үлкендерге мейірімділік танытуға шақырады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті қарияларға құрмет көрсету шараларын қолға алды. Бұл күндері Ұлы Отан соғысына қатысқан қарт жауынгерлерге ерекше назар аударылды.

Осындай игі мақсатта «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы Ілияс Отаров ауруханада ем алып жатқан елордалық қарт тұрғын, соғыс ардагері Тұрсынбай Момынов ақсақалды зиярат етті.

Ақсақалдың хал-жағдайын сұрай келген ұстаз І.Отаров мешіт атынан әзірленген сый-сияпатты табыс етті. Қарт майдангер өз кезегінде бүгінгі буынның ардагерлерін ұмытпай құрметтеп жатқанына қуанышты екенін айтып, дін өкілдеріне ризашылығын білдірді. Ақ батасын беріп, дұға жасады.

Айта кетейік, қазыналы қарттарға құрмет көрсету қайырымдылық шарасы бұған дейін Астана қаласындағы мешіттерде ұдайы іске асырылды. Ізгілік шарасында қарияларға қажетті дәрі-дәрмектер мен сый-кәделер табысталды.


«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: