Қазақстанға ресми сапармен «Бейбітшілік үшін діндер» ҮЕҰ-ның орынбасары К.Сугино және ұйымының Азия бойынша бас хатшысы И.Хатакейяма келді.
Ресми делегациясы өкілдері сапар барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті және дін конфессияның өкілдерімен кездесті. Елордаға үлкен құрмет-ниетпен келген делегаттар «Нұр Астана» мешітіне аяқ басты.
Мәртебелі меймандарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағаны қарсы алып, қонақжайлық танытты. Наиб мүфти қонақтарға елорданың рухани тыныс-тіршілігімен таныстырып, мешіт жайында маңызды мағлұматтар берді.
Өкілдер өз кезегінде жыл санап жаңарып, жасампаздыққа ұмтылған Астананың айшықты көркіне көз тоятынын айтып, мәдениеттер ордасына айналған қаланың келешегі кемел боларына сенім білдірді.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі