25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Таулардың кереметтілігі

Таулардың кереметтілігі

Дін және ғылым
Жарнама

Қазіргі замандағы геология ілімі таулардың жер үстіндегі бөлімінің көлеміндей жер астында да тегі барын тапқан.

 

«Жер-жүзін төсек сияқты жасамадық па? Тауларды да қазықтар сияқты қағулы жасамадық па?» («Нәба» сүресі, 6-7)

Осы аяттарда таулар қазықтарға ұқсатылған. Шатырдың қазықтарының біраз бөлігі жерге қағылатыны белгілі, осы сияқты: «Тауларды да Аллаһ мықтап қақты», («Нәзият» сүресі, 32) аяттарымен жерге қағулы екендігін білдірген.

Геофизикада «ыстық нүктелер» делінген таулардың дүние жүзінде 110-ға жуық белгілі топтары бар. Осылар жердің сыртқы қабаттарының қатты қозғалып әрекет етуіне кедергі болады және жердің терең қабаттарынан шығып, жердің бетінде қатайып, шеге іспеттес сыртқы қабаттарды тұрақты қылады. Әлемдік деңгейді қамтамасыз еткен үлкен магма топтары да болып бөлінеді.

Аяттардағы келтірілген мәліметтер мен қазіргі замандағы ғылыми дамулар арасында толық сәйкестік бар.

(Материал Бақытжан Өткелбаевтің «Ислам және ғылым» кітабынан алынды)

Бөлісу: