25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сәләфия ағымын ұстану – бұрын болмаған бидғат

Сәләфия ағымын ұстану – бұрын болмаған бидғат

Ақида
Жарнама

«Әһли сүннә уәл жамаға» немесе «ұлы көпшілік-сауад-ағзам» деген сипат Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисі мен сәләфус-салихин ұлықтарының ижмасымен бекітілген сөздерге сүйенеді. Сондықтан бүгін бір адам өзін «әһли сүннә уәл жамаға» деп танытса, ол Құран мен сүннет қолдамайтын жаңа сипат ойлап тапқан болмайды.

Керісінше Пайғамбарымыз (с.а.у.) бекемұстануды бұйырған жамағатқа өзін теліген болады. Бірақ құр сөзбен шектелмей Пайғамбарымыз (с.а.у.) бен сахабаларының және одан кейін оларға ерушілердің қалдырған жолын басшылыққа ала отырып Құран мен сүннетті ұстануы тиіс. Ал кімде-кім бүгінгі «сәләфия» деп аталатын жамағатқа тән екендігімен өзін танытатын болса, сөз жоқ бұл бидғат болмақ. Бізді бұлай деуге итермелейтін себептер бар.

Біріншіден, сәләфия сөзі әһли сүннә уәл жамаға сөзінің мазмұнына сай келген күннің өзінде, сәләф қауымы бір ауыздан мақұлдаған атауды басқа сөзбен өзгерткен болады. Тура жолдағыларға берілген «әһли сүннә уал-жамаға» сөзін сәләфия сөзіменауыстыруға қандай мұқтаждық бар? Бұған қоса, ешбір себепсіз ауысқан жаңа атаудың (сәләфия сөзінің) мұсылмандардың арасын ажыратып, келеңсіздіктер шығаруының өзі оның зиянын көрсетуге жеткілікті.

Екіншіден, егер әһли сүннә уәл-жамаға сөзінің мазмұнына сай келмесе (шындығы осы), онда жаңадан шығарылған сөздің өзі бидғат, ал мазмұнында қателік болғаны. Мазмұнының қателігі – «әһли сүннә уәл жамаға» сөзі арқылы сәләфус-салихин бекітіп кеткен ақиқаттың орнын басып, дәріптелуінде жатыр. Жаңа ұғымды білдіретін «сәләфия» сөзін қолданудың бидғат болуының себебіне келсек, оның әһли сүннә уәл жамаға жолын ұстанушы біртұтас Ислам жамағатынанбөлініп шыққан Ислами ағымға ат болып беріуіндежатыр. Бүгінгі «сәләфия» дегеніміз – белгілі ижтихади пікірлер тізбегін иемденіп, соны қорғаушы; мейліитиқади, мейлі фиқһи үкімдерде болсын осы пікірдіңшеңберінен шығушыларды бидғатшылықпен айыптаушы адам. Бірақ шариғат бізге мұның тұп-туратерісін көрсетеді. Шариғат бойынша, өзі таңдаған пікірмен ақиқатты шектеп, екінші пікірдегілерді бидғатшынемесе дінді бұрмалаушы ретінде санаған адам – нағызбидғатшы. Ол Ислам қоғамын бөлуші, мұсылмандарарасында өшпенділік туындауына себепкердің нақөзі. Ол мұсылман қауымының (ижмасынан) жолынантаюшы. Себебі ол әһли сүннә уәл жамағаттың ижтихади көзқарастар үшін бекіткен жолынан бас тартуда.

Бұл жол «әһлу хадис» және «аһлу рәй» болып екігебөлінген сәләфу-с салихиннің екі тобын біріктіргенболатын. Осы жолдың арқасында олардың арасында айырмашылықтар ақиқат жолындағы ынтымақ пенөзара жәрдемдесудің көзіне айналды. Ал бүгін өздерінсәләфиміз дегендер сәләф қауымының бұл жолынқабылдамай, оның орнын өзімшіл бірбеткейлік пенағым тараптарлығы арқылы ауыстыруда. Сөйтіп өзінепікірі қайшылардың барлығын бидғатшы, дінбұзар етіпсипаттауда. Олай болса, Алланың дінінде олардың бұлісінен асқан ашық бидғат бар ма екен?

Бірде араб елдерінің бірінде жамағатпен құптаннамазын оқыдық. Арамызда бір топ ғылым адамдарыбар еді. Намаздан соң арамыздан бірі қол көтеріп дұғажасады. Қалғандар әмин деп қосылып отырдық. Бұл істідінге қайшы санаған қатысушылардан бірі (сәләфи болатын) орнынан тұрып жамағаттан бөлініп кетті. Біздіңбұл «күнәлі ісімізге» ортақ болғысы келмегені көрініптұр. Мен оған бұл істің қай жері күнә деп сұрадым.Ол:

– Пайғамбарымыздың сүннетінде намаздан соңдұға жасау жоқ. Пайғамбарымыз намаз үстінде ғанадұға жасайтын, – деді.Оның «дұға намаздың ішінде болады, намаздыңсоңынан емес» деген ижтихади пікірге көңілініңбұрғандығы үшін біз оған сын тақпақшы емеспіз. Себебі, Бұхари мен Тирмизидегі Сағд ибн ӘбуУаққастың хадисін әр түрлі түсіну нәтижесінде ғұламаимамдардың ішінде де осы пікіріге барғандар табылады. Бұл хадисте Сағд ибн Әбу Уаққас мұғалімніңбалаларға әріп үйреткеніндей етіп, өз балаларынамына сөздерді үйретеді: «Расулулла мына сөздерменнамаздың соңында сыйынатын: Уа, Аллам,сараңдықтан саған сыйынамын. Қорқақтықтан сағансыйынамын. Кәріліктің жаманшылығынан сағансыйынамын, әрі дүниенің сынағынан да саған сыйынамын». Олар хадистегі «намаздың соңында» деген сөзге«намаздың соңғы бөлігінде» деген мағына берді. Сөйтіп«Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұл дұғасы намаздыңсоңғы жағында сәлем беруден бұрын еді» – дептұжырым жасады. Ал, көпшілік ғұламалар «намаздыңсоңында» деген сөз «намаздан кейін, ізінше» дегендібілдіреді, – деп тәпсірледі. Бұған хадистегі «дубуру-ссалах» деген сөздің сөздік мағынасын дәлел қылды. Сонымен қатар имам Ахмад пен Ибн Мажа риуаят еткенУмму Саламаның (р.а.) хадисін дәлелге алды. Ол хадисте: «Пайғамбарымыз таң намазында сәлем бергенненкейін: «Аллам мен Сенен пайдалы білім, адал ризық,қабыл етілген амал сұраймын» – дейтін еді».

Енді мен айтар едім: «Әлгі адамның қателігі менбидғат ісі осы ғұламалар тарапынан қабыл етілген екіпікірдің бірін ұстағандығы емес. Бұл жердегі нағызбидғат іс: оның екі көзқарастан бірін таңдап, одан кейінөз таңдауын әрбір адам қабылдауы керек ақиқат етіпалуы;Қарсы пікірдегілердің таңдауын олардың негізсізқате жолда екендіктеріне дәлел ретінде көруі;Солай түсінгеннен кейін жамағаттың ісін жақтырмайбөлініп, олардың ісіне ескерту жасаған болуы;Адамдардың бұл «адасушылығы» оның ойындағы«ең дұрыс» Ислам жамағатына кірмегендіктен болудадеп ойлауы.

Сәләф ғалымдарынан қай ғалым осындай оғаш жолқалдырды? Қайсысы мұсылмандар бірлігін паршалап,осындай ретсіз менбілемдікпен өзгелердің ижтихадипікірлерін теріске шығарды? Ешқайсысы да!!!Иә, әһли-сүннә уәл-жамағатдан көп мұсылмандарбидғатшы, діннен шығушы деп айыпталдық. Бар айыбымыз, біз сәләф ғұламаларының көпшілігінің жүргенжолымен жүрдік.

Сәләф дәуірін мұқият зерттеп, «олардан кім осындай қанжар қолданып, мұсылмандардың арасын бөліп,берекесін алды» деп сұрақ қойсақ, олардан ешбірініңмұндай жолға барғанын көре алмаймыз.Ендеше құрметті оқушы, «сәләфияны» дінге кейіннен енген «жаңа бидғат жол» деуден басқа амалымызжоқ.Шариғи (итиқади және фиқһи) үкімдердің ішіндегі әркелкілікке ие, болжамды (мухтәләфун алейһ)мәселелерден құрастырылған «сәләфияның» ерекшелеуші құрылымымен де таныс болдық. Сәләфияныңқұрушылары бұл мәселелерді сәләфус-салихинғалымдарының кейбірінің айтып кеткен болжамдыпікірлерінен теріп, жинақтады. Сөйтіп, осы жинақтағанталасты мәселелерді нағыз хақ жол етіп алды. Кімде-кім осыдан басқа болжам мен пікірлерге ауатын болсаолар нағыз бидғатшы, жолдан таюшы деп, көрсетті.Сәләф пен хәлафтың ешбірінің дәуірінде болмаған,Құран мен Сүннетте рұқсат етілмеген мұндай жаңажол қалыптастыру дінге кірген бидғаттың ең сорақысыболса керек. Егер кейбіреулер үшін мұның барлығыбидғат саналмаса, онда бидғат сөзінің қандай мағынасықалмақ? Бидғат ұғымы бұдан басқа қай мысалда, қайоқиғада толық көрініс таба алады?

материал «Мәзһаб туралы таным» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: