26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Кәләм ілімі

Кәләм ілімі

Ақида
Жарнама

Ғилмул калам «Сөз ілімі» деп аталады. Ақида мамандары мына мәселе мынадай , дәлелі мынадай деп өзара пікір қылулары салдарынан сөз ілімі деп аталған. Бұл  ілімнің бірнеше атауы бар. Уақыт өтумен адамдрдың исламға кірулері, діни сенімге байланысты сұрақтардың көбеюі кәләм іліміне ізденіс жасауды талап етті. Соның нәтижесінде ізденістер көбейіп көптеген еңбектер жазылып, әртүрлі атаулармен аталды.

  • Усулуддин
  • Таухид
  • Ғилмул кәләм
  • Ақида

Атаулары әртүрлі болғанымен негізі, мақсат мүддесі бір.

Усулуддин « дін негіздері» деп аталады. Сенімге қатысты білім дінің негізі болып табылады, әрі мәселелері діннің қайнар көзі болған Құран мен хадис арқылы бекігендіктен дін негіздері деп аталған. Таухид  «Бірлеу ілімі» деп аталады. Ақида ілімінің мақсаты да осы Алланың бірлігі таухидқа шақыру. Бұл дінің негізі бүкіл пайғамбарлардың шақырған ақидасы таухид яғни Аллаһты затында, сипаттарында, істерінде жалғыз деп тану. Ал табиғин Имам Әбу Ханифа (Аллаһ оған рақым етсін) « Фиқһул акбар» деп атаған. Бұл атаулардың тілдік мағыналары әртүрлі болғанымен діндегі мағынасы бір.

«Кәләм ілімі» ұғымына тақырыбы және мақсаты жағынан екі түрлі анықтама берілген. а) Тақырыбына қарай анықтамасы: Алланың затынан, сипаттарынан және Әсіресе, бірлігінен баяндайтын ілім. Кәләм ғалымдары, Кәләм іліміне анықтама бергенде көбіне үш негізді түсіндіруге маңыз берген. Бұлардан Сейид Шариф Журжанидің (ө. 816/1413) таңдап алған анықтамасы мынадай: «Кәләм ілімі Алланың затынан, сипаттарынан, мәбдә және маад (басталуы және соңы, жаратылыс және ақырет) тұрғысынан жаратылғандардың (мүмкинаттың, масну’аттың) жағдайларынан Ислам заңдары аясында баяндайтын бір ілім». Марқұм Омар Насухи Билменнің (ө. 1971): «Кәләм ілімі Алла тағаланың затынан және сипаттарынан, нубууат және рисәләтқа қатысты мәселелерден, мәбдә’ні (бастау) және маадті (ақырет) алып қарағанда жаратылғандардың халдерінен Ислам заңына сәйкес баяндайтын бір ілім», – деп анықтама берген

Мақсатына қарай анықтамасы: «Кәлам ілімі нақты дәлелдер қолдану және болуы мүмкін күмәндарды жою арқылы діни ақидаларды дәлелдеуге күш беретін бір ілім». Бұл анықтамада «нақты дәлел» дәлел баламасы ретінде қолданылады. Бұл жерде дәлел: нақыл мен тә’йид (қуаттандыру) етілген нақты дәлелді білдіреді. Күмәндардан мақсат қарсы келгендердің қолданған дәлелдері. Кәләм іліміне қатысты жасалған бұл екінші анықтама Кәләм мен таухидті одан да нақты шекаралармен бір бірінен айыру. Өйткені сәләф әдісінің ізін басып келе жатқан таухид ілімі Құранда және сахих хадисте айтылған ақаид мәселелерін таласқа түспестен тізбектей келе мутакаллимдердің әдісімен келе жатқан Кәләм ілімі нақыл мен қуатты ақли дәлелдер қолданады, қарсы көзқарастарды анықтап жоққа шығарады. Осы жағдайда Кәләм ілімі, құрылымында жәдәл (күрес), мүнәзара (пікірталас) және мунақаша (дискуссия) элементтерін қамтиды. Расында үлкен Ислам философы Әбу Насыр әл-Фарабидің (ө. 339/950) да анықтамасы бұл ерекшелікті дәлелдейтін: «Кәләм өнері адамға, дінді құрғанның ашықтан ашық түсіндірген белгілі ой, пікір және істерін жеңіске жеткізу және оларға қайшы болған әр нәрсенің сөз арқылы қателігін көрсету күшіне ие болғызатын бір дарын», - деген мәнде. Ташкөпрүзаде (ө. 968/1561) болса, бір нәрсеге, бір ілімге Кәләм деп айта алу үшін екі шартқа маңыз береді: 1) Итиқад болатын нәрселер кітап және сүннетте ұқсасы болуы керек, 2) Шариғат мақсаты ақыл арқылы да қуаттандырылуы керек.

Кәләм ілімінің тақырыбы. Кәләм ілімінің тақырыбы, Ислам ойшылдық тарихы бойына өзінің даму жолына қарай өзгерістерді қамтыды. Бұл өзгеріс барысында тақырыптың барған сайын кеңейе түскенін көреміз. а) Басында Кәләм ілімінің айналысқан ең маңызды мәселесі Алланың таухиді және сипаттары еді. Осы себептен бұл ілімнің тақырыбы Аллаһтың заты және сипаттарынан тұрды. Бұл жерде ақаид тақырыбын құраған алты иман негізі туралы жасалған екі иржа’ (кері қайтару) ісін қайтадан еске түсірейік. Осыған қарай иман негіздерін әуелі үшке (усули сәләсә), сосын бірге (аслу’ль – усуль) иржа’ жасалады. Бұл жалғыз негіз Аллаға иман болып табылады. Міне, Кәләм ілімінің тақырыбы «зат және сыфаты бари» деп айтылғанда осы жалғыз негіз назарға алынады. ә) Философияның Ислам әлемінде жайылуынан ақли түсіндірулерге орын бере бастаған Кәләм ілімі тақырыбын да кеңейтті. Ғазалидің де (ө.505/1111) қабыл еткен бұл көзқарасына қарай Кәләм ілімінің тақырыбы маужуд (бар болған, бар нәрсе) болып табылады. Тек қана Кәләм ілімі маужуд туралы оның абсолюттік бар болуы тұрғысынан айтады. Бұл жағдайда Кәләм мен философия тақырыптары ортақ сипатта. Алайда, философия тек қана ақылды әрекет нүктесі деп қабыл етсе, Кәләм «Ислам заңына» негізделеді. Шындығында позитивтік ілімдер де маужудты өз нысанына алады.

Бірақ ғылымдар «абсолютті болмысты (маужуд) бар болуы тұрғысынан» қарастырмайды. Белгілі болғандай позитивтік ғылымдардың әрбірі маужудты осы уақыттағы бейнесімен және белгілі бір жағынан қолға алу арқылы зерттейді. б) Ғазалиден бастап «логика» Кәләмға енгізілгеннен кейін Кәләм ілімінің тақырыбы жаңадан дами түсті. Дәлелдердің жағдайлары, аналогияның түрлері және ма’дум (жоқ болған) сияқты кейбір пікірлер сыртқы әлемде жоқ болғанымен Кәләмда қарастырыла бастады. Бұл жағдайда Кәләмның тақырыбы, бұл мәселелерді де ішіне алатындай деңгейде кеңейту және түсіндіру керек еді. Осы себептен былайша айтылған: Кәләмның тақырыбы ма’лум (белгілі). Яғни белгілі, білу категориясына жататын, адам біле алатын әр нәрсе Кәләм ілімінің тақырыбына жатады. Мынадай шартпен тікелей ақаидтан саналған немесе ақаидқа себепші болған бір жайттың дәлелденуі осы ма’лумға қатысты болуы қажет. Бұл жағдайда «ма’лум» не тікелей бір діни ақида немесе діни бір ақидаға негіз (мәбдә’) қалыптастырады. Мысалы: Алла бір, әзәли және әбәди (тікелей бір діни ақида), әлем кейіннен пайда болған, денелер акциденциялардан ада емес, табиғат заңдары міндетті емес (діни ақидаға негіз қалыптастыратын немесе себепші болғандар). Кәләмшылар тікелей діни ақидаларды қалыптастыратын ерекшеліктерге бұл ілімнің мәселелері (мәсаиль, мақасыд) бұл ақидаларға мәбдә’ қалыптастыратындарға да уәсаил (себептер) деген. Кәлам ілімі Ислам дінінің амали (практикалық) емес назари (теориялық) жағын қолға алғандықтан мәселелердің көбі теориялық сипатта (ақыл мен санаға бағытталған). Кәләмның ақида тақырыптары болған мәселелер әр дайым өзгермесе де себептер, заманның қажеттіліктеріне және дәуірдің мәдени ағымдарына қарай өзгеруі мүмкін.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Ислам теологиясы, Бекир Топалоғлу, Алматы 2014 жыл;

2) Ақида сабақтары, Ризабек Батталұлы

Өмірбек Абдусамат,

«Әл-Ғани» мешітінің наиб имамы

Бөлісу: