17
Жексенбі,
Қараша

һижри

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы: телефон қатерлі ісікке шалдықтырады

Мақалалар
Жарнама

Жақында Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына қарасты қатерлі ісікті зерттеу орталығы (IARC) тұңғыш рет телефонның қатерлік ісікке шалдықтыратынын және қатерлі ми өспесіне душар ететіні жайлы хабарлады. Осы мәлімдемеден кейін бүкіл әлем жұртшылығы мен ғалымдары телефон радиациясына өте жоғары деңгейде назар аудара бастады.

 

Ұйым жауаптысы Кристофер Уайлдтың айтуынша радиация тарату деңгейі бойынша қалта телефондары ең алдыңғы қатарда тұр екен.

Сол себепті, сайтымыз мұсылман қауымының денсаулығына пайдасы тиер деген ниетпен телефон қолданудағы басты назарға алуға тиісті бірнеше мәліметтерді назарларыңызға ұсынды.

1) құлаққап арқылы сөйлесу;

Құлаққап арқылы телефонмен сөйлескенде телефон радиациясын толық жойып жіберуге болмаса да, телефон адамның бас бөлімінен алыста болғандықтан зиянды айтарлықтай азайтуға болады.

2) телефонды жабық орындарда қолдануға болмайды;

Мысалы, лифт, поезд және метро сияқты жабық орындарда ең дұрысы телефонды қолданбағаныңыз дұрыс. Мұндай орындарда телефон желісімен байланыс өте әлсіз болғандықтан, оның тарататын радиациясы да көп болады.

3) телефон желісі(сеть) әлсіз уақытта қолданбау;

Телефон желісі әлсіз болып тұрғанда немесе көлікте келе жатқанда телефонмен сөйлеспеген дұрыс. Мұндай уақытта радиация өте жоғары болады.

4) ұзақ уақыт сөйлеспеу;

Телефонмен сөйлесу уақыты екі минуттан асқаннан кейін оның кері әсерінен пайда болған толқынды адам миы бір сағат бойы ретке келтіре алмайды екен.

5) смартфондардың радиациясы тіпті де жоғары;

Қарапайым телефон мен смартфонның радиация тарату мөлшерін салыстырғанда смартфонның зияны көп болған. Себебі, сіз телефонмен сөйлесіп жатқан бір уақытта сіздің смартфоныңыз ғаламтор желісімен байланысып тұрады. Смартфондағы әр-түрлі бағдарламалар бір мезетте ақпаратты алып немесе жіберіп жатады. Бұл жағдай радиация мөлшерін әдеттегіден еселеп жібереді екен. Сондықтан, телефонды сөйлесу кезінде интернет желісінен ажыратып қою ләзім.

6) номер теріп болғаннан кейін телефонды құлақтан аулақ ұстау;

Қоңырау жалғанып жатқан сәтте оның радиациясы ең жоғары деңгейде болады. Сондықтан, қоңырау шалғанда немесе телефон қабылдағанда қарсы жақ телефонды көтергеннен кейін барып тұтқаны құлаққа жақындатыңыз.

7) телефонды жанқалтаға салмау;

Зерттеулер нәтижесі бойынша, телефонды үнемі шалбарының қалтасына салып жүретін ер адамдардың ұрық мөлшері қалыпты ер адамдарға қарағанда 25% аз болады екен. Телефон радиациясының адамның әр түрлі дене бөліктеріне жасайтын әсері де түрліше, ер адамдардарға зияны тіпті де ауыр екені белгілі болған.

8) телефонды жатын бөлмеге қоймау;

Бүгінгі таңда телефонда жатын бөлме түгілі, жастықтың астына қоя әдетке айналған. Қатерлі ісік ауруының пайда болуын жылдамдататын себептердің бірі ретінде телефонды ұйықтағанда бас жағына қою болып отыр. Оның үстіне адамның ұйқысы да қалыпты болмайды.

ҚМДБ Ғаламтормен жұмыс бөлімі

Muftyat.kz

Бөлісу: