17
Жексенбі,
Қараша

һижри

Анаға қызмет осылай болу керек (видео)

Мақалалар
Жарнама

 Жаратушы Алла Тағала былай дейді: «Адам баласына, әке-шешесіне жақсылық істеуді нұсқадық». («Ахқаф» сүресі, 15-аят) Дүниеге шыр етіп келген әрбір перзентке анасынан артық жан жоқ. Ананың мейірімінен асқан не бар бұл өмірде?! Сондықтан, перзент үнемі ата-анасының табанына төселе қызмет көрсетуі тиіс.

Пайғамбарымыз саллалаһу алейһи уә салламға бір кісі келіп: «Иә, Алланың Елшісі! Кімге жақсылық жасайын?» деп сұрағанда: «Анаңа», - деді. Ол кісі қайта сұрағанда тағы да «анаңа», үшінші рет сұрағанда да «анаңа» деп жауап береді. Төртіншісінде: «Әкеңе, содан кейін жақындығына қарай басқа жақындарыңа», - дейді. Мына қысқа ғана бейнебаян көбімізге сондай ой салады. Онда перзенттің қарт анасына деген қызметі шынайы көрсетіледі. Расында, хадисте айтылғандай «Жәннат – ананың аяғының астында». 

{youtube}c225ulFrQtI{/youtube}

«ummet.kz» рухани ақпараттық порталы

Бөлісу: