Шәддәд ибн Әустен (Алла одан разы болсын) жеткен хадисте төмендегі дұғаны «Дұғалардың мырзасы» дей келе, оның қасиеті жайлы баяндап:
«Кім оны күндізі оған сенімді болған хәлде айтып, сол күннен кешке дейін дүние салса, ол – жәннат тұрғындарынан болады. Ал кім оны түнде оған сенімді бола тұрып айтып, таң атқанша дүние салса, ол – жәннаттық болады» - дейді.
«Аллаһуммә Әнтә Рабби, лә иләһа иллә Әнтә, халәқтәний уә әнәә `абдукә, уә әнәә `алә `аһдикә уә уә` дикә мә-стәта` ту, ә` уузу бикә мин шәрри мә санә` ту, әбуу-у ләкә бини` мәтикә `әләййа, уә әбуу-у ләкә би-зәнби, фәғфир лий фә иннәһу лә йағфируззунубә илләә Әнтә»
Мағынасы: «Я, Аллаһым! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен мені жараттың, ал мен Сенің құлыңмын. Meн күш-құдіретім жеткенше Саған деген уәдемді, әрі сертімді сақтаймын. Әрі жасаған істерімнің жамандығынан Өзіңе сиынамын. Маған берген нығметтеріңді мойындаймын, әрі күналарымды да мойындаймын. Мені кешіре гөр! Шын мәнінде, Сенен өзге күнәларды кешіруші ешкім жоқ».
материал «Жүректерді оятушы» кітабынан алынды,
ummet.kz