Қадір түні – Ислам діні қасиетті деп санайтын түндердің бірі. Себебі, сол түнде Хазіреті Мұхаммедке Құран түсірілді.
Жалпы Рамазан айының 27-ші түні деп қабылданып, «мың айдан қайырлы...» деп сипатталады. Қадір түнінде Жаратушы Хазіреті Мұхаммедке алғашқы уахи жіберді.
Мәулананың бұл ерекше түнге сілтеме жасауының себебі, ол шын мәнінде әр түннің иләһи тәртіппен байланыста және ағымда екенін еске салғысы келеді. Әр түн қасиетті, себебі, Жаратушы әр түні, әр сәтте сенімен сөйлеседі. Ол сені естиді, көреді, біледі және кез келген сәтте жүрегіңе бірдеңе сыбырлайды. Сіз оның сыбырын ести аласыз ба?
Басыңыздан өткен оқиғаға мұқият мән беріңіз, кездескен әр жанды бағалаңыз және әр түнді қасиетті Қадір түніндей көріңіз. Ғаламның әрқашан сіздің жаныңызда болғанын көресіз. Ол сізді ешқашан ренжітпеген, теріс айналмаған, жазалаған да емес. Тек, сіздің түсінуіңізді, көруіңізді, естуіңізді күткен.
материал «Жолға шық, жол саған көрінеді» кітабынан алынды,
ummet.kz