27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Хазіреті Біләлдан кейін Қағбаның үстіне шыққан екінші адам

Хазіреті Біләлдан кейін Қағбаның үстіне шыққан екінші адам

Ислам тарихы

Қасиетті сапарын жалғастырған Шәміл алдымен Жиддаға келеді. Ары қарай үш күн жүріп, арман мекен Меккеге жетеді.

Ол үлкен қажылықтың кезі болатын. Имам қажылық міндетін атқарып, Қағбаны тәуап етіп болғаннан кейін Ислам жолында соғыс жүргізген аңызға айналған Кавказ батырын көруге, сөзін бір естуге ниеттенген адамдар оны айнала қоршап алады. Таудың өр ұлына сахараның ауа райы жақпай, мазасы болмай тұр еді. Шәмілдің шаршаңқы түрін байқаған Мекке әмірі оның Қағбаға көтерілуіне рұқсат беріп, батырды барлығының көруіне, сөзін естуіне мүмкіндік жасайды. Имам Шәміл оларға өзінің жүріп өткен жолы, қазіргі жағдайы туралы әңгімелеп, кейін ұзақ уағыз айтады. Бұл араб тарихында үлкен қажылық болып қалыпты. Тіпті көптеген мұсылмандар Шәмілдің келгенін естіп, оны бір көру үшін дәл сол жылы қажылық жасауға шешім қабылдапты. Адамның көптігі сондай, полициялардың тәртіпке шақыруына да тура келген екен. Ал Шәміл болса, Мекке азат етілген кезде Біләл үстіне шығып азан шақырғаннан кейін, Қағбаның үстіне көтерілген екінші адам ретінде тарихта қалыпты. Қандай бақыт!

Меккеде тұрған кездері Шәмілді жергілікті халық қатты құрметтеді. Жан-жақтан үлкен ғалымдар оны зиярат етіп келе бастады. Халықтың назарынан тыс қалуы үшін кейде мешітке адам танымастай боп киініп барады екен. Бірде кешкі намаздан үйіне қайтып бара жатып, Шәміл Қызыр пайғамбарды (а.с.) тағы да кездестіріпті. Оған жанында болғандар куә болған деседі.

материал «Тұлғалар өміріндегі Ислам» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: