Жәннатта жұмақтағыларды күтетін арнайы қызметшілер болады.
Алла тағала: «Оларға өзгермес жастар айналып қызмет етеді»; «Олардың айналасында өзгермес қызметші жастар болады. Оларды көрсең, шашылған меруерт деп ойлайсың», – дейді.
Ғалымдар жаннат қызметшілерін сипаттап: «Жәннаттықтарды айналып, құрақ ұшатын қызметкерлер – Жәннаттың бір жаратылысы. Олар дүние балаларынан емес. Ал дүниеде балиғат жасына жетпей өлген сәбилер Жәннатқа кірсе, аталары Адамның (аләйһис-сәләм) бейнесінде кемел сипатқа ие болады», – деген.
материал «Ақырет өткелдері» кітабынан алынды,
ummet.kz