Жауап: Сегіз түрлі үкімге бөлінеді:
1. Парыз: Алла тағаланың бұйырғандары. Парызды орындамау – үлкен күнә, мойындамау – күпірлік. (Мысалы: бес уақыт намаз сияқты);
2. Уәжіп: Парызға жақын міндет (үтір намазы, айт намазы сияқты)
3. Сүннет: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) істеп және бізге істеу керектігін айтқан амалдары (сақал қою, мисуак сияқты);
4. Мустахаб: Істесе сауап, істемесе күнә жоқ амалдар (қосымша нәпіл намаздар сияқты);
5. Мубах: Істеуге де, істемеуге де болатын ерікті нәрселер (ішіп-жеу, киіну);
6. Харам: Алланың қатаң тыйым салған нәрселері (Арақ ішу, құмар ойнау, өсім жеу, зина жасау);
7. Мәкруһ: Жағымсыз, ұнамсыз, жаман іс-әрекет (Дәрет пен ғұсыл алғанда суды ысырап ету, т.б.);
8. Муфсид: Бастаған ғибадатты бұзу (намазда күлу сияқты).
материал «Таңдаулы 100 сұрақ» кітабынан алынды,
ummet.kz