26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ораза ұстаушыға берілген бес қасиет

Ораза ұстаушыға берілген бес қасиет

Ораза

Ораза – Алла Тағала мүмкіндік етіп берген бір айда жыл бойына жасаған күнәлар үшін шынайы тәубе қылып, құлшылық жасау деген сөз. Қасиетті Құран түскен қасиетті айда ораза ұстап, жақсылық жасауға асыққанымыз жөн.

Себебі, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ораза ұстаушының ерекше қасиеттері жайында былай дейді: «Менің үмбетіме Рамазан айында бұдан бұрын ешбір үмбетке берілмеген бес түрлі қасиет берілді:

Ораза тұтушының аузының исі Алланың алдында хош иісті мисктен, сөзсіз, артық болады;

Ауыздарын ашқанша періштелер олар үшін Алладан истиғфар тілеп тұрады;

Алла Тағала Рамазан айының әрбір күні жәннатын безендіріп оған: «Менің ізгі құлдарымның ауыртпалықтар мен тауқыметтерді тастап, саған кіретін күні жақын қалды», – дейді;

Бұл айда жындардың біразы шынжырланып, басқа айларда істейтін нәрселерін істей алмайды;

Ал, соңғы түні болғанда олардың (мұсылмандардың) күнәлары кешіріледі» (Әбу Һұрайра (р.а) риуаят еткен).

Сахабалар: «Уа, Расулалла! Ол түн Қадір түні ме?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жоқ, жұмысшы да ісін толық бітірген соң өзінің сыйын алмаушы ма еді? Сол сияқты» – деген» (Ахмад).

Алла Тағала баршамыздың иманымызды кәміл, дұғамызды қабыл еткей!

ummet.kz

Бөлісу: