26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Шариғатта Ораза айт неше күн тойланады?

Шариғатта Ораза айт неше күн тойланады?

Ораза

Айт – мұсылмандардың ұлы мейрамы. Ислам дінінде екі мереке бар.

Ол Ораза айт және Құрбан айт мерекесі. Шариғат бойынша отыз күн ораза біткеннен кейін шәууал айының бірінші күні ораза айт болып есептеледі. Ескере кететін жайт, ораза айт – бір күн. Алайда халық арасында қалыптасқан әдет бойынша үш күнге дейін дастарқан жайылып, айттаумен жалғасын табады. Айт намазына дейін әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларының да мереке күндері дастарқан жайып халықпен бірге қуанулары үшін пітір садақалары таратылады. Араздасқандар татуласады. Ал Құрбан айт 4 күнге жалғасады. Айт намазы оқылған соң Алланың разылығы үшін ұлық құлшылық болған құрбан шалу рәсімі жасалады. Мерекелік дастарқандар жайылып, халық құрбандық еттерінен дәм татады.

материал «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: