Нәпсінің кемшіліктерінің бірі – жасаған күнәсі көп бола тұра Алланың дереу жазаламай, (жазасын) кешеуілдетуінен аз ғибрат алуы.
Бұл кемшіліктен арылудың жолы:
1. Әрдайым Алладан қорқу.
2. Жазаның кешеуілдеуінің жазасыз қалмайтындығын білдірмейтіндігін білуі.
3. Алла рақымына лайық көрмесе, жасаған күнәсі жайында Алла Тағаланың міндетті түрде сұрайтындығын және лайықты жазасын беретіндігін білуі. Өйткені болып жатқан жағдаяттардан ғибрат алу тек Алладан қорқатындарға бұйырады. Алла Тағала: «Шүбәсіз, мұнда Алладан қорқатын әрбір жан үшін ғибрат бар», – дейді («Назиғат» сүресі, 26-аят).
Шайырлардың бірі бұл жөнінде:
«Жаратушысының (жазасын) кешеуілдеткені оны алдады,
Нәпсі жазасының кешеуілдегенін жазасыз қаламын деп ойламасын!» – дейді.
материал «Нәпсі дертінің дауасы» кітабынан алынды,
ummet.kz