19
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Ер адамдардың әйелдерге, ал әйелдердің еркектерге еліктеуі – харам

Ер адамдардың әйелдерге, ал әйелдердің еркектерге еліктеуі – харам

Иман келтіру

Ибн Аббас (р.а.):

«Алла елшісі (с.ғ.с) (сөйлегенде, жүріп-тұрғанда, киінгенде) әйелдерге ұқсаған ерлер мен ерлерге ұқсаған әйелдерді лағынеттеді», – деген (Бұхари, либәс 61). Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі (с.ғ.с): «Өз басым әлі күнге көрмеген екі түрлі тозаққа кіретін адамдар бар.

Біріншісі, қолына өгіздің құйрығындай қамшы ұстап алып, өзіне бағынышты адамдарды қамшының астына алатын қатыгез залымдар.

Екіншісі, Алланың нығметіне бөленсе де шүкіршілік етуді білмейтін, ашық-шашық киінетін немесе тәнін көрсетіп жұп-жұқа киінетін, Аллаға бағынудан бас тартып, сәнденіп алып кердең басып жүретін, өзгелерді де өздері сияқтыболуға үндейтін және бастары түйенің өркешіндей қоқырайған әйелдер. Міне, осындай әйелдер жұмаққа кірмейді, тіпті оның хош иісін де сезбейді. Ал, жұмақтың иісі өте алыстан сезіледі», – деп айтты» – делінген (Муслим, жәннә 52).

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: