18
Дүйсенбі,
Қараша

һижри

Жүректің қызғаныштан құтылуы, жек көру әдетінен арылуы

Жүректің қызғаныштан құтылуы, жек көру әдетінен арылуы

Иман келтіру

Алла елшісі мен Абдуллаһ ибн Амрдың  жәннатпен сүйіншілеген бір мұсылманның  хикаясы

Әнәс ибн Мәлік былай әңгімелейді: «Біз Алла елшісімен бірге отырған болатынбыз. Бір кезде Расулалла: «Қазір қасымызға жаннаттық бір адам келеді», – деді. Пайғамбарымыз осы сөздерді айтып ауыз жимай жатып, қолына аяқ киімін ұстап, жаңа ғана дәрет алғандықтан, сақалынан су тамшылап тұрған ансарлық бір кісі кіріп келді. Ертеңіне Алланың елшісі осы сөзін тағы қайталады, айтқанша болған жоқ тағы сол кешегі кісі кіріп келді. Үшінші күні де Алла елшісі әлгі сөздерін қайталады. Бұл жолы да таныс бейне алғашқы күнгідей маңдайы жарқырап кіріп келді.

Алланың елшісі тұрып кеткеннен кейін, Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас (р.а.) әлгі адамның ізімен үйіне дейін барып: «Әкеммен сөзге келіп қалдым. Оның жанына үш күн жоламаймын деп ант еткен едім. Мен үш күн үйіңде бола тұрсам, қарсы емессіз бе?» – деді. Ансарлық адам ойланбастан бірден келісті.

Одан әрі сөзді хазірет Әнәс былай жалғастырды: «Абдуллаһ бұл оқиғаны бізге былай деп айтқан еді: «Соладамның үйіне үш рет түнедім. Түнде оның намазға тұрғанын көрген жоқпын. Бірақ төсекте бір жағынан екінші жағына аунағанда, Алланы еске алып, тәкбір айтады екен. Бір байқағаным, үш күн ішінде бұл адамның аузынан жақсылықтан басқа бөтен сөз естімедім. Осы үш күннің ішінде оның айтарлықтай асып бара жатқан қандай да бір қасиетін байқай алмағандықтан, мен оған: «Уа, Алланың құлы! Әкем екеуміздің арамызда ешқандай ұрыс-керіс болған жоқ. Мен Алла елшісінің үш рет «Қазір қасымызға жаннаттық бір адам келеді», – дегенін естідім, үшеуінде де сен келдің. Әуестігім оянып, «Бұл адам қалай өмір сүреді екен, мен де солай өмір сүрейін», – деген оймен келген едім. Яғни, сенің үйіңде үш күн қонақ болуымның себебі – осы», – дедім. Ол маған: «Менен не байқасаң, бары сол ғана. Көріп-білгендеріңнен басқа әкетіп бара жатқан түгім жоқ», – деді. Осылайша әлгі адамның үйінен шығып бара жатыр едім, ол артымнан дауыстап: «Қайталап айтам, менен не көрсең, бары сол ғана, өмірім мен амалдарым көргендеріңнен ғана тұрады. Бірақ бір айтарым, біреуге қарсы жамандық ойлап, Алланың оған берген абырой-мәртебесін қызғанған емеспін. Бәлкім, Алланың елшісі осы ниетім үшін мені жаннаттық адам деген шығар?! Кім білсін?» – деді. Мен: «Сені сол мәртебеге жеткізген осы жақсы қасиетің шығар», – дедім».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: